Төтенше жағдай туралы Қазақстан Республикасының
2003 жылғы 8 ақпандағы № 387-II Заңы
(2007.15.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 26 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)2-тарау. Төтенше жағдайды енгізу мен оның күшін (4 - 10 баптар)жоюдың шарттары, негіздері, тәртібі
3-тарау. Төтенше жағдай кезеңіне енгізілетін (11 - 14 баптар)мемлекеттік басқарудың арнайы органдары.
Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету
4-тарау. Төтенше жағдай кезінде қолданылатын (15 - 16 баптар)шаралар мен уақытша шектеулер
5-тарау. Төтенше жағдай кезіндегі жеке және заңды (17 - 23 баптар)тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар
құқықтарының кепілдігі және олардың
жауапкершілігі
6-тарау. Қорытынды ережелер (24 - 25 баптар)Осы Заң төтенше жағдайды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде енгізудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзiмдерiн, тәртібін белгілейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) төтенше жағдай енгiзiлетiн жерлердiң шекаралары - Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң аумағы;
2) жергiлiктi жердiң комендатурасы - төтенше жағдай енгiзiлген жерлерде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Президентi құратын уақытша арнаулы орган;