(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Предыдущая страница

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.10. № 242 Қаулысымен 7-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

                                      Екiншi деңгейдегi банктер

                                    үшiн пруденциалдық нормативтер

                                        бойынша есеп айырысудың

                                    нормативтiк мәнi мен әдiстемесi

                                    туралы нұсқаулықтың 7-қосымшасы

 

Активтер мен мiндеттемелер мерзiмдерiн салыстыру кестесi

200__ ж. "____" ____________________

____________________________________

(банктiң қысқаша атауы)

 

 

 

Басшы:         ___________________________      ______________

                     (аты-жөнi, тегi)                (қолы)

Бас бухгалтер: ___________________________      ______________

                     (аты-жөнi, тегi)                (қолы)

Орындаушы: __________________________   ________  ________________

           (лауазымы, аты-жөнi, тегi)    (қолы)   (телефон нөмiрi)

Есепке қол қойылған күн "____"__________ 200__ ж.

 

Активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру

кестесін толтыру жөніндегі түсіндірме

 

Активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру кестесін толтыру кезінде әрбір актив (міндеттемелер) үшін ең аз мерзім қарастырылады, ол мерзім аяқталғаннан кейін банк дебиторлар мен корреспонденттердің міндеттемелерін орындауын талап етуге (клиенттердің талаптарын орындайды) құқылы. 1-жолға банктің осы Ережеде көрсетілген талап ету бойынша жоғарғы өтімді активтер мен міндеттемелердің көлеміне есепке алынған активтері мен міндеттемелері жазылады. Қалыптасқан арнайы провизияларды шегергенде активтер мен шартты міндеттемелер алынады. Активтер, міндеттемелер және шартты міндеттемелер бағандары бойынша 1-ден 5-жолға дейінгі деректер өсу қорытындысы бойынша толтырылады. 5 және 6-жолдардың сомасы «Жиынтығы» бағанда жазылып, банк балансының деректерімен 12 салыстырылады. Баланс бойынша активтердің жиынтық жолымен «Активтер» бағанындағы «Жиынтығы» жолы бойынша пайда болған алшақтық банктің қаржылық емес активтерінің сомасына сәйкес келеді. Баланс бойынша міндеттемелердің жиынтық жолымен «Міндеттемелер» бағанындағы «Жиынтығы» жолы бойынша пайда болған алшақтық қалыптасқан арнайы провизиялардың және қаржылық емес міндеттемелердің сомасына сәйкес келеді.

 

                                      Екiншi деңгейдегi банктер

                                    үшiн пруденциалдық нормативтер

                                        бойынша есеп айырысудың

                                    нормативтiк мәнi мен әдiстемесi

                                    туралы нұсқаулықтың 8-қосымшасы

 

Әрбір шетел валютасы бойынша валюталық позиция

мен валюталық нетто-позиция туралы есеп

200__ ж. "____" __________________ жағдай бойынша

____________________________________

(банктiң қысқаша атауы)

 

кестенің жалғасы

 

      Банктiң нормативтердi есептеудiң соңғы есептi күндегi меншiк

      капиталының көлемi: ______________

      Жекелеген шетелдiк мемлекеттердiң (шетелдiк мемлекеттер

      топтарының) валюталары бойынша ашылған валюталық позицияның

      белгiленген ең көн мөлшерi: ________________

      Валюталық нетто-позицияның белгiленген ең көп мөлшерi: ______

Басшы:         ___________________________      ______________

                     (аты-жөнi, тегi)                (қолы)

Бас бухгалтер: ___________________________      ______________

                     (аты-жөнi, тегi)                (қолы)

Орындаушы: __________________________   ________  ________________

           (лауазымы, аты-жөнi, тегi)    (қолы)   (телефон нөмiрi)

Есепке қол қойылған күн "____"__________ 200__ ж.

 

Әрбір шетел валютасы бойынша валюталық позиция

мен валюталық нетто-позиция туралы есептi толтыру

жөніндегі түсiндiрме

 

1. Тиiстi ұяшықтарда қалыптасқан арнайы провизияларды алып тастағандағы баланстық есепшоттарда ескерiлген шетел валютасындағы талаптар мен мiндеттемелер көрсетiледi.

2. "Баланстан тыс есепшоттар бойынша талаптар жиынтығы" және "Баланстан тыс есепшоттар бойынша мiндеттемелер жиынтығы" деген ұяшықтарда банк жүргiзген хеджирлiк мәмiлелердiң, оның iшiнде жеткiлiксiз мәмiлелердiң сомасын есепке ала отырып, арнайы провизияларды алып тастағандағы шетел валютасындағы шартты талаптар мен мiндеттемелер көрсетiледi.

3. "Позиция" бағандары бойынша "Талаптар жиынтығы" және "Мiндеттемелер жиынтығы" деген ұяшықтарда есептi кезеңдегi аптаның әрбір жұмыс күніндегі барлық шетел валютасы бойынша нетто-позиция көрсетiледi.

4. Жекелеген шетелдiк мемлекеттердiң (шетелдiк мемлекеттер топтарының) валюталар және валюталық нетто-позиция бойынша белгiленген ең кеп мөлшерден асатын ашылған позициялардың мөлшерлерi туралы деректер қызыл түспен берiлуi тиiс.

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 (бұр. ред. қара) (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.24.10. № 242 (бұр.ред.қара) қаулылармен 9-қосымша өзгертілді

 

                                      Екiншi деңгейдегi банктер

                                    үшiн пруденциалдық нормативтер

                                        бойынша есеп айырысудың

                                    нормативтiк мәнi мен әдiстемесi

                                    туралы нұсқаулықтың 9-қосымшасы

 

200 жылғы "___"_________ ұлттық валютамен активтердiң

және мiндеттемелердiң мерзiмдерiн салыстыру кестесi

 

 

Басшы:         ___________________________      ______________

                     (аты-жөнi, тегi)                (қолы)

Бас бухгалтер: ___________________________      ______________

                     (аты-жөнi, тегi)                (қолы)

Орындаушы: __________________________   ________  ________________

           (лауазымы, аты-жөнi, тегi)    (қолы)   (телефон нөмiрi)

Есепке қол қойылған күн "____"__________ 200__ ж.

 

Шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелердің

мерзімдерін салыстыру кестесін толтыру жөніндегі түсіндірме

 

Шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелердің мерзімдерін салыстыру кестесін толтыру кезінде шетел валютасындағы әрбір актив (міндеттемелер) үшін ең аз мерзім қарастырылады, ол мерзім аяқталғаннан кейін банк дебиторлар мен корреспонденттердің міндеттемелерін орындауын талап етуге құқылы (клиенттердің талаптарын орындайды). 1-жолға Нұсқаулықтың 41 және 42-тармақтарында көзделген жоғары өтімді активтер мен талап ету бойынша міндеттемелердің мөлшерін есептеуге алынатын банктің шетел валютасындағы активтері мен міндеттемелері жатады. Активтер мен шартты міндеттемелер, шетел валютасында жіктелген активтер мен жіктелген шартты міндеттемелерге құрылған, қалыптасқан арнайы провизияларды шегеріп, алынады.

1-7-жолдар толтырылады, оның ішінде жеке шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер топтарының) мынадай валюталары бөлігінде:

Standard & Рооr's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар елдердің немесе басқа рейтинг агенттіктерінің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетел валютасында, және «Еуро» валютасында;

Standard & Рооr's агенттігінің «В»-дан «А»-ға дейінгі тәуелсіз рейтингі бар елдердің немесе басқа рейтинг агенттіктерінің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетел валютасында;

Standard & Рооr's агенттігінің «В»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар елдердің немесе басқа рейтинг агенттіктерінің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің және сәйкес рейтинг бағасы жоқ елдердің шетел валютасында.

Активтер, міндеттемелер және шартты міндеттемелер бағандары бойынша 1-ден 5-жолға дейінгі деректер өсу жиынтығы бойынша толтырылады. 5 және 6-жолдардың сомасы 7-жолдағы «Жиынтыққа» жазылады. Баланс бойынша активтердің жиынтық жолымен «Шетел валютасындағы активтер» бағанындағы «Жиынтығы» жолы бойынша пайда болған алшақтық банктің ұлттық валютадағы активтері мен шетел валютасындағы қаржылық емес активтерінің сомасына сәйкес келеді. Баланс 13 бойынша міндеттемелердің жиынтық жолымен «Шетел валютасындағы міндеттемелер» бағанындағы «Жиынтығы» жолы бойынша пайда болған алшақтық қалыптасқан арнайы провизиялардың, ұлттық валютадағы міндеттемелердің және шетел валютасындағы қаржылық емес міндеттемелердің сомасына сәйкес келеді.

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.24.10. № 242 (бұр.ред.қара) қаулылармен 10-қосымша өзгертілді

 

                                      Екiншi деңгейдегi банктер

                                    үшiн пруденциалдық нормативтер

                                        бойынша есеп айырысудың

                                    нормативтiк мәнi мен әдiстемесi

                                   туралы нұсқаулықтың 10-қосымшасы

 

_________________________

(банктiң қысқаша атауы)

 

200__ жылғы "___"_________ ұлттық

валютамен активтердiң және мiндеттемелердiң

мерзiмдерiн салыстыру кестесi

 

 

Басшы:         ___________________________      ______________

                     (аты-жөнi, тегi)                (қолы)

Бас бухгалтер: ___________________________      ______________

                     (аты-жөнi, тегi)                (қолы)

Орындаушы: __________________________   ________  ________________

           (лауазымы, аты-жөнi, тегi)    (қолы)   (телефон нөмiрi)

Есепке қол қойылған күн "____"__________ 200__ ж.

 

Ұлттық валютадағы активтер мен міндеттемелердің мерзімдерін

салыстыру кестесін толтыру жөніндегі түсіндірме

 

Ұлттық валютадағы активтер мен міндеттемелердің мерзімдерін салыстыру кестесін толтыру кезінде ұлттық валютадағы әрбір актив (міндеттемелер) үшін ең аз мерзім қарастырылады, ол мерзім аяқталғаннан кейін банк дебиторлар мен корреспонденттердің міндеттемелерін орындауын талап етуге құқылы (клиенттердің талаптарын орындайды). 1-жолға осы Нұсқаулықта тізбеленген жоғары өтімді активтер мен талап ету бойынша міндеттемелердің мөлшерін есептеуге алынатын банктің ұлттық валютадағы активтері мен міндеттемелері жатады. Активтер мен шартты міндеттемелер, ұлттық валютада жіктелген активтер мен жіктелген шартты міндеттемелерге құрылған, қалыптасқан арнайы провизияларды шегеріп, алынады.

Активтер, міндеттемелер және ықтимал (шартты) міндеттемелер бағандары бойынша 1-ден 5-жолға дейінгі деректер өсу қорытындысы бойынша толтырылады. 5 және 6-жолдардың сомасы 7-жолдағы «Қорытындыға» жазылады, ол банк балансының деректерімен салыстырылады. Баланс бойынша активтердің қорытынды жолымен «Ұлттық валютамен активтер» бағанындағы «Қорытынды» жолы бойынша пайда болған алшақтық банктің шетел валютасындағы активтері мен ұлттық валютадағы қаржылық емес активтерінің сомасына сәйкес келеді. Баланс бойынша міндеттемелердің жиынтық жолымен «Ұлттық валютамен міндеттемелер» бағанындағы «Қорытынды» жолы бойынша пайда болған алшақтық қалыптасқан арнайы провизиялардың, шетел валютасындағы міндеттемелердің және ұлттық валютадағы қаржылық емес міндеттемелердің сомасына сәйкес келеді.

 

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 11-қосымшамен толықтырылды (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді)

 

ҚР ҚҚА Басқармасының  2007 жылғы 24 қазандағы № 242 Қаулысын қара (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді)

 

                                     "Екінші деңгейдегі банктер үшін

                                      пруденциалдық нормативтер есеп

                                     айырысуларының нормативтік мәні

                                          мен әдістемесі туралы

                                               нұсқаулықтың

                                               11-қосымшасы

 

Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы

міндеттемелеріне банктерді капиталдандырудың

коэффиценттер кестесі (k8, k9)

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын және қаржы

ұйымдарын реттеу мен қадағалау

агенттiгi Басқармасының

2005 жылғы 30 қыркүйектегi

№ 358 қаулысының 2-қосымшасы

 

Күшi жойылған ден танылған нормативтiк

құқықтық актілерінiң тiзбесi

 

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекіту жөнiнде" 2002 жылғы 3 маусымдағы № 213 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 1902 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 1-14 шiлдеде жарияланған).

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде № 1902 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекіту жөнiнде" 2002 жылғы 3 маусымдағы № 213 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2002 жылғы 26 қарашадағы № 467 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 2098 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" № 1 басылымдарында 2003 жылы жарияланған).

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 1902 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекіту жөнiнде" 2002 жылғы 3 маусымдағы № 213 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2003 жылғы 21 наурыздағы № 97 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 2251 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" № 9 басылымдарында 2003 жылы жарияланған).

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 1902 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекіту жөнiнде" 2002 жылғы 3 маусымдағы № 213 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2003 жылғы 7 мамырдағы № 151 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 2362 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" № 13 басылымдарында 2003 жылы жарияланған).

5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 1902 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекіту жөнiнде" 2002 жылғы 3 маусымдағы № 213 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы № 36 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 2776 тiркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң "Финансовый вестник" және "Қаржы Хабаршысы" № 2-3(3) басылымдарында 2004 жылы жарияланған).

6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 1902 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекіту жөнiнде" 2002 жылғы 3 маусымдағы № 213 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2004 жылғы 24 мамырдағы № 149 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 2930 тiркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгінiң "Финансовый вестник" және "Қаржы Хабаршысы" № 7(7) басылымдарында 2004 жылы жарияланған).