Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Атыс қаруының, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ оның оқ-дәрілерінің заңсыз дайындалуына және айналымына қарсы хаттама (БҰҰ Бас Ассамблеяның 2001 жылғы 31 мамырдағы 55/255 қарарымен бекітілген)

Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан  қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Атыс қаруының,
оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ оның оқ-дәрілерінің заңсыз дайындалуына және
 айналымына қарсы хаттама
(БҰҰ Бас Ассамблеяның 2001 жылғы 31 мамырдағы 55/255 қарарымен бекітілген)

 

2008 жылғы 4 маусымдағы № 39-ІV ҚР Заңымен ратификацияланды

 

Мемлекеттер - осы Хаттаманың қатысушылары,

мұндай әрекеттер халықтың, олардың бейбітшілік өміріндегі әлеуметтік-экономикалық дамуына және құқығына қауіп келтіретінін әрбір мемлекеттің, өңір мен жалпы әлемнің қауіпсіздігіне зиян келтіргендіктен атыс қаруының, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ оның оқ-дәрілерінің заңсыз жасалуы мен айналымының алдын алу және жолын кесу және бұл іс-әрекеттермен күресу қажеттілігін сезіне отырып,

осыған байланысты барлық мемлекеттер халықаралық ынтымақтастық пен басқа да өңірлік және глобальдық деңгейдегі шараларды қоса отырып, барлық тиісті шараларды қабылдау қажеттігіне көз жеткізе отырып,

Ассамблеяның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы халықаралық конвенцияны әзірлеу және әзірлеу туралы мәселені, атап айтқанда атыс қаруының, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ оның оқ-дәрілерінің заңсыз жасалуына және айналымына қарсы күрес туралы халықаралық құжатты әзірлеу туралы мәселені талқылау үшін ашық құрамдағы үкіметаралық арнайы комитет құруға қаулы еткен Бас Ассамблеяның 1998 жылғы 9 желтоқсандағы 53/111 қарарына сүйене отырып,

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқықтың принциптері туралы декларацияда бекітілген халықтардың тең құқықтығы мен өз таңдауы принциптері туралы еске ала отырып,

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.