«Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 21 мамырдағы № 289 Бұйрығы (күші жойылды)

«Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы
№ 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 21 мамырдағы № 289 Бұйрығы

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1.«Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 587 бұйрығына (№ 5030 нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Білім беру ұйымдарына негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады.

Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейде бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім беріледі.

Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім алуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.»;

3-тармақтың бірінші абзацында:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.