2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
(Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы
(үзінді)
Осы редакция 2008 жылғы 13 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
52-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Туризм және спорт саласындағы уәкілетті органның қызметін
қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 423677 мың теңге (төрт жүз жиырма үш миллион алты жүз жетпіс жеті мың теңге).