7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 3 номинация бойынша деректемелік ескерткіштердің тізімін дайындау; 3180 беттік көлемдегі жазба, мұрағат құжаттарын қалпына келтіру және консервациялау; 9300 беттік көлемдегі жазба, мұрағат құжаттарына электронды сандық нөмірлеу жүргізу; 170 кітап көрмесін және 12 тұсаукесер өткізу; 25 түрлі іс-шаралар өткізу (ақын, жазушылар мен мәдениет басқа да өкілдерінің қатысуымен оқыту конференциялары, дөңгелек үстелдер және шығармашылық кештер); халықаралық кітапханалық ұйымдардың мүшелігімен халықаралық кітапхана ынтымақтастығы бойынша 8 іс-шараға қатысу; 40 кітапханалық, ғылыми және ақпараттық басылымдар әзірлеу; 2 реабилитациялық байқау өткізу; қазақ және орыс тілдерінде әдебиеттерді дыбыстандыру - 400 сағат.
Құжаттарды қайта өңдеу және жаңғырту орталығының әрекет етуі және «РБНСГ - Вести» газетін шығару арқылы көзі көрмейтін мүгедектерге қызмет көрсетуді жақсарту.
Сатып алу: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына: білімнің әртүрлі салалары бойынша әдебиеттер, технологиялық үрдістер мен мұрағаттық сақтауға және оқырмандарға қызмет көрсетуге арналған компьютерлер - 49 бірлік, лазерлік принтерлер - 5 дана, сканерлер - 2 дана, материалдық емес активтерді, электрондық баспалар; Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханаға: қорды толықтыруға арналған әдебиеттер, кондиционер, торшенирование, Брайл бойынша басу принтері - 2 дана, Брайл дисплейі - 1 дана, «Книголюб компакт» оқу машинасы - 2 дана, компьютерлер - 4 дана, материалдық емес активтер; Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына: электрондық кітаптар (қазақстандық және шетелдік баспалардан), пайдаланушылардың жұмыс станцияларын - 60 дана, электрондық сақтау қоймасына резервтік көшіру жүйесі үшін құрал-жабдық комплектісі, ҚазҰЭК электрондық сақтау қоймасының резервтік орталығы үшін құрал-жабдық - 1 комплект, құжаттар мен кітаптарды жеткізудің автоматтандырылған-телелифт атаулы жүйесі - 1 комплект, эрфайди жүйесіне арналған комплект, микрофильмдерді оқу аппараты - комплект, микрофиштер, жалпақ басылымды кітаптар, рельефті-нүктелік кітаптар (Брайл бойынша), материалдық емес активтер.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында күрделі жөндеуді аяқтау.
Соңғы нәтиже: оқырмандар сұраныстарын орындау сапасын арттыру, өзекті, тақырыптық, нақты электрондық база деректемелер қатарын құру, кітапханалар ісін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру, материалдық-техникалық базаны жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір кітапты сақтаудың орташа құны - 1177 теңге.
Уақыттылығы: көрсетілген мерзімде жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алу, интеллектуалдық, рухани қажеттіліктерін жоғарлату.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
77-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Баспа мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету»
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 35488 мың теңге (отыз бес миллион төрт жүз сексен сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағында шығатын, сондай-ақ тапсырыс құпия емес басылымдардың бақылау даналарының негізінде баспасөз мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Республикадағы барлық тілде шығатын жарияланымдардың негізгі түрлеріне библиографиялық өңдеуді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы аумағында шығатын барлық баспасөз шығармаларын есепке алуды, бақылауды және оған ғылыми өңдеуді ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: баспа мұрағаты құжаттарының сақталуын, жасақталуын және қолданылуын қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдайларға қол жеткізу.
Тікелей нәтиже: бақылау экземпляр баспаларын 72 079 экземплярда шығару, сонымен қатар:
кітаптар, брошюралар, автореферат - 4138 баспа бірлігі;
журналдар - 3 763 баспа бірлігі;
газеттер - 56 200 баспа бірлігі;
ноталар - 150 баспа бірлігі;
ұсақ баспа - 7 828 баспа бірлігі;
жырлар шығару - 48 номер 11 атпен.
Мемлекеттік ұлттық кітап палатасына: жұмыс станциясын - 2 бірлік, арнайы принтер - 1 бірлік; штрих-код сканерін - 1 бірлік; коммутатор - 1 бірлік; үздіксіз қоректену көзі - 3 бірлік сатып алу.
Соңғы нәтиже: барлық баспалардың баспа өнімдеріне 5 103 451 дана бойынша бақылау және оған ғылыми өңдеуді жүргізуді нығайту, Қазақстан Республикасындағы баспасөздің дамуы туралы статистикалық жинақтар дайындау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір баспасөзді сақтап қамтамасыз етудің орташа шығыны - 5 мың теңге.
Уақыттылығы: елдің баспа өнімдері туралы ақпаратпен көрсетілген мерзімде қамтамасыз ету, каталог, картотекалар жүйесін енгізу, анықтау және есепке алу, сондай-ақ барлық баспа жарияланымдарына статистикалық есеп жүргізу.
Сапасы: азаматтарды мұрағат құжаттарымен қамтамасыз ету арқылы олардың ақпараттық деңгейін көтеру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
78-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1000000 мың теңге (бір миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; «Мерейтойлар мен атаулы күндерді атап өту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысы; «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың рухани-білім және интеллектуалды-мәдени деңгейін көтеру үшін әлеуметтік маңызды әдебиеттер шығару, өскелең ұрпақты жалпы әлемдік құндылықтар рухында тәрбиелеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тұрақты оқырмандарға әлеуметтік-маңызды әдебиеттерді жариялау мен жеткізуді қамтамасыз ету; өмірдің мәдени, және ғылыми-білімділік, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өзгерістерін, қазақ мемлекеттігі қалыптасуының сан қырлы мәселелерін айқындайтын өзекті, мазмұнды шығармаларды, публицистикалық, ғылыми, көркемдік және библиографиялық серияларды шығару; Қазақстан Республикасының облыстары бойынша мәдени және тарихи ескерткіштердің еркін томдарын шығаруда дайындық жүйелік жұмысты жүзеге асыру; тарих ғылымының теориялық проблемаларын әзірлеу, ғылыми, көркем, және энциклопедиялық әдебиетті шығару, жоғары сапалы баспа өнімдерін шығаруды қамтамасыз ету, ғылыми білімділікті дәріптеу, мемлекеттік тілдегі жазба және ұлттық әдебиетті жақсы үлгілерін мәдениет және әдебиеттің әлемдік ғылыми жетістіктерін әзірлеу және шығару, Ұлттық мұрағат қорын байыту және сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; жоғары сапалы баспа өнімдерін шығаруды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 400 атау бойынша әлеуметтік-маңызды әдебиеттердің түрлерін шығару, жалпы көлемі 9401 баспа табақ, әр басылымның таралымы 1000-нан 5000 данаға дейін, 14 облысқа, Алматы, Астана қалаларына, республиканың аумағында орналасқан 2000 кітапханаларға жіберіледі.