7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыларды төлеу. Жәрдемақы алушылардың болжамды орташа жылдық саны:
- бала тууына байланысты: 2008 ж. - 316,4 мың адам, 2009 ж. - 331,0 мың адам, 2010 ж. - 347,2 мың адам;
- бір жасқа дейінгі балалар күтіміне байланысты: 2008 ж. - 172,4 мың адам, 2009 ж. - 187,1 мың адам, 2010 ж. - 195,3 мың адам.
Соңғы нәтиже: балалы отбасылардың материалдық жағдайын жақсарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- бала тууына байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері: 2008 жылы - 35 040 теңге, 2009 жылы - 37 500 теңге, 2010 жылы - 40 140 теңге;
- бір жасқа дейінгі балалар күтіміне байланысты берілетін орташа жәрдемақы мөлшері: 2008 жылы - 7 741 теңге, 2009 жылы - 7 872 теңге, 2010 жылы - 8 261 теңге.
Уақтылығы: кестеге сәйкес 25-не дейін ай сайын уақтылы төлеу.
Сапасы: бала тууына байланысты және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты тағайындалған мемлекеттік жәрдемақыларды 100 пайыз төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
151-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге төленетін біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақылар» деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4 935 690 мын теңге (төрт миллиард тоғыз жүз отыз бес миллион алты жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 12-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккендерге мемлекеттік біржолғы өтемақы төлемдер бойынша мемлекеттің өткен жылдар міндеттемелерін орындауы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен:
- зейнеткерлерге;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушыларға;
- 1949-1990 жылдар аралығында төтенше және аса жоғары радиациялық қауіп аймағы болып табылатын аумақтарда тұрған және тұратын жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеуді.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық жеңілдікті мәртебесі бар аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақыларды төлеу.
Орташа жылдық болжамды саны:
- зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар: 2008 ж. - 7,9 мың адам, 2009 ж. - 5,2 мың адам, 2010 ж. - 4,2 мың адам;
- радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық жеңілдікті мәртебесі бар аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға: 2008 ж. - 272,6 мың адам, 2009 ж. - 117,3 мың адам, 2010 ж. - 29,1 мың адам.
Соңғы нәтиже: зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық жеңілдікті мәртебесі бар аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі берешекті өтеу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: өтемақының орташа мөлшері:
- зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар үшін: 2008 ж. - 23,3 мың теңге, 2009 ж.- 25,4 мың теңге, 2010 ж.- 22,6 мың теңге;
- жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтар үшін: 2008 ж. - 17,4 мың теңге, 2009 ж. - 18,5 мың теңге, 2010 ж. - 19,2 мың теңге болады.
Уақтылылығы: өтініштер түсуіне байланысты жыл бойы.
Сапасы: зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық жеңілдікті мәртебесі бар аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға тағайындалған мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақыларды 100 пайыз төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
152-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ақталған азаматтарға-жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 70545 мың теңге (жетпіс миллион бес жүз кырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 22, 25-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жаппай қуғын-сүргін құрбандары деп танылған азаматтардың материалдық және моральдық зияндарын өтеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген мөлшерде жаппай қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақыларды уақтылы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ақталған азаматтарға - жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақыларды төлеу. Алушылардың орташа жылдық саны: 2008 ж. - 1 150 адам, 2009 ж. - 840 адам, 2010 ж. - 550 адам.
Соңғы нәтиже: жаппай қуғын-сүргін құрбандары деп танылған азаматтардың материалдық және моральдық зияндарын өтеу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: өтемақының орташа мөлшері: 2008 ж. - 61,3 мың теңге, 2009 ж. - 64,1 мың теңге, 2010 ж. - 77,5 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: азаматтардың өтініш беруіне қарай.
Сапасы: "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 22-бабына сәйкес ақталған азаматтарға - жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақы төлемдерін уақтылы төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
153-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 65 618 мың теңге (алпыс бес миллион алты жүз он сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 26-бабы; «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы Заңының 8 , 9-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: еңбек процесінде жұмыскерлердің денсаулығын және өмірін сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ғылыми қамтамасыз ету, еңбекті қорғау басқару жүйесін жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 4 өнеркәсіптік кәсіпорын базасында санитария-гигиеналық талаптарына жауап бермейтін жағдайларда жұмыс істейтін қызметкерлер санын, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауру мәселелерін зерттеу. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында 4 бағыт бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Соңғы нәтиже: Қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды 0,5 пайыз, санитария-гигиеналық талаптарға жауап бермейтін жағдайларда жұмыс істейтін қызметкерлер санын 1 пайыз, жұмыс уақытының жоғалуын 0,8 пайыз төмендетуге мүмкіндік береді.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізудің орташа құны 8,2 млн. теңгені құрайды.
Уақтылылығы: жасалған шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапа: қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен оларды практикалық қызметке енгізу өндірістегі зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың деңгейін төмендетуге, сондай-ақ өндірістегі еңбекті қорғауды басқару жүйесінің пәрменділігін күшейтуге ықпал ететін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
154-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуді қамтамасыз ету»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 9 080 849 мың теңге (тоғыз миллиард сексен миллион сегіз жүз қырық тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 1-бабы; «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 1-бабы; «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: зейнетақы және жәрдемақы, сондай-ақ басқа да әлеуметтік төлемдердің тиімді жүйесін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына әлеуметтік жеке кодтар беру; жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын аудару және есепке алу; зейнетақы және жәрдемақы алушылардың біртұтас орталықтандырылған базасын жүргізу; әлеуметтік сақтандыру төлемдері мен аударымдарын есепке алу;
Орталықтандырылған деректер қорының (Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қоры) жұмыс істеуін қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: