7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жерасты ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе зиянды және ауыр жұмыстарда істеген стажы бар адамдарға мемлекеттік арнайы жәрдемақылар төлеу.
Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алушылардың орташа жылдық болжамды саны:
- № 1 тізім бойынша: 2008 ж. - 26,2 мың адам, 2009 ж. - 30,3 мың адам, 2010 ж. - 35,1 мың адам;
- № 2 тізім бойынша: 2008 ж. - 27,3 мың адам, 2009 ж. - 29,7 мың адам, 2010 ж. - 31,9 мың адам.
Соңғы нәтиже: мемлекеттік арнайы жәрдемақы мөлшерін арттыру.
Қаржылық-экономикалык нәтиже: мемлекеттік арнайы жәрдемақылар мөлшері:
- № 1 тізім бойынша (9 АЕК): 2008 ж. - 10 512 теңге, 2009 ж. - 11 250 теңге, 2010 ж. - 12 042 теңге;
- № 2 тізім бойынша (8 АЕК): 2008 ж. - 9 344 теңге, 2009 ж. - 10 000 теңге, 2010 ж. - 10 704 теңге.
Уақытылылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25-не дейін уақтылы төлеу.
Сапа: жерасты ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе зиянды және ауыр жұмыстарда істеген стажы бар адамдарға тағайындалған мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды 100 пайыз төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоксандағы
№ 1224 қаулысына
158-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
жаңадан пайдалануға берілетін әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 51246 мың теңге (елу бір миллион екі жүз қырық алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 18-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 40-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламанын мақсаты: мүгедектерді, соның ішінде мүгедек-балалар және қарттарды оңалту және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жақсарту, әлеуметтік қызметтердің қол жетімділігін ұлғайту.
5. Бюджеттік бағдарламанын міндеттері: Атырау, Маңғыстау облыстарының әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының қызметтерін қамтамасыз ету үшін бюджеттеріне қаржылық қолдау көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Атырау және Маңғыстау облыстарында:
- Атырау облысының Атырау қаласында оңалту орталығы;
- Маңғыстау облысының Ақтау қаласында 210 орындық ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйі пайдалануға берілетін болады.
Соңғы нәтиже: мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету деңгейінің жақсаруы.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 2008 жылы пайдалануға беріледі деп болжанған объектілердің қызмет етуіне арналған шығындар: Атырау қаласындағы оңалту орталығына - 15 243 мың теңге, Ақтау қаласындағы ақыл-есі кем балаларға арналған 210 орындық интернат үйіне - 36 003 мың теңге.
Уақтылылығы: әлеуметтік қамсыздандыру объектілерінің уақтылы пайдалануға берілуі және қызмет етуі.
Сапа: Аталған аймақтардың халқына көрсетілетін әлеуметтік қызмет көлемін және сапасын ұлғайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
159-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін салуға және реконструкциялауға
берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2881560 мың теңге (екі миллиард сегіз жүз сексен бір миллион бес жүз алпыс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 19, 24-баптары, «Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 қаулысы, «Қазақстан Республикасының 2001-2010 жылдарға арналған көші-қон саясаты бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі № 925 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектерді, соның ішінде мүгедек-балалар мен қарттарды оңалту және оларға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жақсарту, оралмандардың көші-қон квотасына енгізу туралы өтініш берген және енген ұлты қазақ адамдардың ойдағыдай бейімделуіне жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: бөгде адамның тұрақты күтімі мен көмегіне мұқтаж мүгедектерді, соның ішінде мүгедек балаларды медициналық және әлеуметтік оңалтудың сапасын жетілдіру, қазақстандық қоғамға кейін ойдағыдай кірігуі үшін оралмандардың жергілікті жағдайларға бейімделуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: объектілерді салу жөніндегі жұмыстар көлемінің жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалуы.
Соңғы нәтиже: мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру, оралмандардың ойдағыдай бейімделуіне жағдай жасау.
Уақтылығы: құрылыс жұмыстарының көлемін қызметтерді жеткізушілермен жасалған шарттарға сәйкес орындау.
Сапа: Қазақстан Республикасы құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
160-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
ең төменгі күнкөрістің мөлшері өскеніне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмегін және 18 жасқа дейінгі балаларға айсайынғы мемлекеттік жәрдемақыға берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2785500 мың теңге (екі миллиард жеті жүз сексен бес миллион бес жүз мың теңге).