(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.12.12 № 1224 ҚАУЛЫСЫ

Предыдущая страница

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың облыстық, қалалық, аудандық құрылымдарының жұмыс орындарын автоматтандыру. Зейнетақы, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдер деректер базасының тиімді жұмыс істеуі.

Орталықтандырылған деректер қоры және Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорын қолданушылар (Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың филиалдары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департаменттері, Медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиялары, жергілікті атқарушы органдары) арасындағы деректер берудің корпоративтік желілерінің жұмыс жағдайын қолдау.

Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мерзімде зейнетақылардың, жәрдемақылардың және әлеуметтік төлемдердің толық, дұрыс және уақытылы төленуін қамтамасыз ету;

Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік жарналардың және Қордан әлеуметтік төлемдердің уақытылы аударылуын және толық есепке алуды қамтамасыз ету.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың шоттары арқылы өткізілетін қаржылық ағымдарға әкімшілік ету шығындарының үлесі "Зейнетақы төлеу жөніндегі орталық" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынынан төлейтін әлеуметтік төлемдерге жұмсалатын шығындардың жалпы сомасына қатысты 1,32 пайыздан 1,21 пайызға дейін төмендейді.

Уақтылығы: бір жыл ішінде күн сайын.

Сапасы: зейнетақылар мен жәрдемақылардың уақытылы және толық төленуін жүргізеді.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

155-ҚОСЫМША

 

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Жұмыспен қамту және кедейшілік базасы бойынша ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету»

деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 66 226 мың теңге (алпыс алты миллион екі жүз жиырма алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 4-бабы; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тіркелген еңбек рыногы мониторингін, еңбек рыногының жағдайы және республиканың аз қамтамасыз етілген азаматтарына мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу туралы ақпаратты талдау және қорытындылауды ұйымдастыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы ақпараттық-талдау материалдарын жинақтау, өңдеу, талдау және дайындау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: «Атаулы әлеуметтік көмек», «Жұмыспен қамту» бағдарламалық өнімдеріне ілесу. Қолданыстағы деректер базасын ұлғайту, бағдарламалық-қолданбалы жүйені жетілдіру. «Соцкарта» ақпаратты жүйенің енгізілуін ескере отырып «Атаулы әлеуметтік көмек» ақпараттық-есептеу жүйесін дамыту. «18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақылар» ақпараттық жүйесін облыстарда, Астана, Алматы қалаларында әзірлеу және енгізу.

Соңғы нәтиже: орталық және өңірлік атқару органдарын ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз ету; www.enbek.kz сайтында елдің еңбек нарығындағы сұраныс және ұсыныс жағдайы туралы халықты ақпараттандыру жүйесін орналастыру.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: ақпараттық жүйені енгізу пайдаланушылардың еңбек өнімділігін орта есеппен 10 пайызға арттырады.

Уақытылылығы: жоспарға сәйкес жыл ішінде.

Сапасы: қабылданған шаралар елдің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып кедейлікті төмендетуге бағытталған қарқынды саясатты іске асыру әсер етеді. Халықтың елдегі еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың жай-күйі туралы халықтың хабардар болуы халықтың еңбек ұтқырлығына әсер етеді.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№1224 қаулысына

156-ҚОСЫМША

 

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, сот мемлекетке жүктеген адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу»

деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 500000 мың теңге (бес жүз миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық Кодексінің 945-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, зардап шегушілерге зиянды өтеу жөніндегі мемлекеттің міндеттемелерін орындау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

- зиянды өтеу жөніндегі мерзімді төлемдерді капиталдандыру бөлігінде таратылған заңды тұлғалардың бірінші кезектегі кредиторларының алдындағы берешекті өтеу;

- заң актілерінде қарастырылған тәртіппен зардап шеккендерге тиесілі сомаларды мемлекеттің уақтылы төлеуі.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы заңды күшіне енген сот шешімдері бойынша төлемдерді жүргізу.

Соңғы нәтиже: заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, зардап шегушілерге келтірілген зиянды өтеу жөніндегі мемлекеттің міндеттемелерін орындау.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: төлемдердің капиталдандыру көлеміне байланысты орташа мөлшері 150 000 теңгеден 989 000 теңгеге дейін.

Уақтылығы: сот шешімдерінің түсуіне байланысты жыл ішінде.

Сапасы: сот шешімдерінің уақытылы орындалуы.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоксандағы

№1224 қаулысына

157-ҚОСЫМША

 

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар»

деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 6366502 мың теңге (алты миллиард үш жүз алпыс алты миллион бес жүз екі мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламанын нормативтік құқықтық негізі: «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жүмыстарда немесе зиянды және ауыр жүмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалык бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламанын мақсаты: 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты, ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе зиянды және ауыр жұмыстарда істеген стажы бар адамдарды әлеуметтік қорғау.

5. Бюджеттік бағдарламанын міндеттері: мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды ұйымдастыру және уақтылы төлеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: жерасты ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе зиянды және ауыр жұмыстарда істеген стажы бар адамдарға мемлекеттік арнайы жәрдемақылар төлеу.

Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алушылардың орташа жылдық болжамды саны:

- № 1 тізім бойынша: 2008 ж. - 26,2 мың адам, 2009 ж. - 30,3 мың адам, 2010 ж. - 35,1 мың адам;

- № 2 тізім бойынша: 2008 ж. - 27,3 мың адам, 2009 ж. - 29,7 мың адам, 2010 ж. - 31,9 мың адам.

Соңғы нәтиже: мемлекеттік арнайы жәрдемақы мөлшерін арттыру.

Қаржылық-экономикалык нәтиже: мемлекеттік арнайы жәрдемақылар мөлшері:

- № 1 тізім бойынша (9 АЕК): 2008 ж. - 10 512 теңге, 2009 ж. - 11 250 теңге, 2010 ж. - 12 042 теңге;

- № 2 тізім бойынша (8 АЕК): 2008 ж. - 9 344 теңге, 2009 ж. - 10 000 теңге, 2010 ж. - 10 704 теңге.

Уақытылылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25-не дейін уақтылы төлеу.

Сапа: жерасты ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе зиянды және ауыр жұмыстарда істеген стажы бар адамдарға тағайындалған мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды 100 пайыз төлеу.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоксандағы

№ 1224 қаулысына

158-ҚОСЫМША

 

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне

жаңадан пайдалануға берілетін әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға

берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»

деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 51246 мың теңге (елу бір миллион екі жүз қырық алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 18-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 40-тармағы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламанын мақсаты: мүгедектерді, соның ішінде мүгедек-балалар және қарттарды оңалту және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жақсарту, әлеуметтік қызметтердің қол жетімділігін ұлғайту.

5. Бюджеттік бағдарламанын міндеттері: Атырау, Маңғыстау облыстарының әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының қызметтерін қамтамасыз ету үшін бюджеттеріне қаржылық қолдау көрсету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: Атырау және Маңғыстау облыстарында:

- Атырау облысының Атырау қаласында оңалту орталығы;

- Маңғыстау облысының Ақтау қаласында 210 орындық ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйі пайдалануға берілетін болады.

Соңғы нәтиже: мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету деңгейінің жақсаруы.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: 2008 жылы пайдалануға беріледі деп болжанған объектілердің қызмет етуіне арналған шығындар: Атырау қаласындағы оңалту орталығына - 15 243 мың теңге, Ақтау қаласындағы ақыл-есі кем балаларға арналған 210 орындық интернат үйіне - 36 003 мың теңге.

Уақтылылығы: әлеуметтік қамсыздандыру объектілерінің уақтылы пайдалануға берілуі және қызмет етуі.

Сапа: Аталған аймақтардың халқына көрсетілетін әлеуметтік қызмет көлемін және сапасын ұлғайту.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

159-ҚОСЫМША

 

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне

әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін салуға және реконструкциялауға

берілетін нысаналы даму трансферттері»

деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 2881560 мың теңге (екі миллиард сегіз жүз сексен бір миллион бес жүз алпыс мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 19, 24-баптары, «Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 қаулысы, «Қазақстан Республикасының 2001-2010 жылдарға арналған көші-қон саясаты бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі № 925 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектерді, соның ішінде мүгедек-балалар мен қарттарды оңалту және оларға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жақсарту, оралмандардың көші-қон квотасына енгізу туралы өтініш берген және енген ұлты қазақ адамдардың ойдағыдай бейімделуіне жағдай жасау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: бөгде адамның тұрақты күтімі мен көмегіне мұқтаж мүгедектерді, соның ішінде мүгедек балаларды медициналық және әлеуметтік оңалтудың сапасын жетілдіру, қазақстандық қоғамға кейін ойдағыдай кірігуі үшін оралмандардың жергілікті жағдайларға бейімделуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: объектілерді салу жөніндегі жұмыстар көлемінің жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалуы.

Соңғы нәтиже: мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру, оралмандардың ойдағыдай бейімделуіне жағдай жасау.

Уақтылығы: құрылыс жұмыстарының көлемін қызметтерді жеткізушілермен жасалған шарттарға сәйкес орындау.

Сапа: Қазақстан Республикасы құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№1224 қаулысына

160-ҚОСЫМША

 

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне

ең төменгі күнкөрістің мөлшері өскеніне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік

көмегін және 18 жасқа дейінгі балаларға айсайынғы мемлекеттік жәрдемақыға берілетін

ағымдағы нысаналы трансферттер»

деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 2785500 мың теңге (екі миллиард жеті жүз сексен бес миллион бес жүз мың теңге).