(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.12.12 № 1224 ҚАУЛЫСЫ

Предыдущая страница

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2, 4-баптары, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 28 маусымдағы Заңының 4, 9-баптары.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: табысы кедейлік шегінен төмен адамдарды (отбасыларды), сондай-ақ 18 жасқа дейінгі балалары бар, табысы азық-түлік себеті құнынан төмен отбасыларды әлеуметтік қолдау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: аз қамтамасыз етілген азаматтар мен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмектің, 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы жәрдемақының уақытылы төленуін қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

жылына 64,5 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсету;  жылына 154,1 мың балаға жәрдемақылар төлеу, оның ішінде:

Ақмола облысы - 2,3; 5,1;

Ақтөбе - 2,5; 4,3;

Алматы - 4,0; 8,4;

Атырау - 2,8; 5,9;

Шығыс Қазақстан - 11,3; 7,5;

Жамбыл - 6,6; 9,0;

Батыс Қазақстан - 4,2; 7,8;

Қарағанды - 4,8; 8,2;

Қостанай - 3,0; 18,9;

Қызылорда - 3,9; 18,9;

Маңғыстау - 1,6; 1,4;

Павлодар - 4,0; 4,6;

Солтүстік Қазақстан - 4,0; 5,6;

Оңтүстік Қазақстан облысы - 7,8; 47,8;

Алматы қ. - 1,2; 0,5;

Астана қ. - 0,5; 0,2 тиісінше.

Соңғы нәтиже: табысы кедейлік шегінен төмен адамдардың (отбасылардың), сондай-ақ 18 жасқа дейінгі балалары бар, табысы азық-түлік себеті құнынан төмен отбасылардың материалдық жағдайын жақсарту.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері айына 1598 теңге, балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері айына 1168 теңгені құрайды.

Уақтылылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25-іне дейін уақтылы телеу.

Сапасы: табысы кедейлік шегінен төмен адамдарды (отбасыларды), сондай-ақ 18 жасқа дейінгі балалары бар табысы азық-түлік себеті құнынан төмен отбасыларды әлеуметтік қолдау.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№1224 қаулысына

161-ҚОСЫМША

 

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«1995 жылғы қараша айына дейін құрылған»Қарметкомбинат МАҚ-ы

қызметкерлерінің жалақысы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеу

үшін Қарағанды облысының облыстық бюджетіне берілетін ағымдағы

нысаналы трансферттер"

деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 176300 мың теңге (бір жүз жетпіс алты миллион үш жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық Кодексінің 44-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жалақы бойынша берешекті өтеу жөніндегі мемлекет міндеттемелерін орындау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Қарметкомбинат» Мемлекеттік акционерлік қоғамының қызметкерлеріне жалақы бойынша 1995 жылғы қарашаға дейін қалыптасқан берешектің қалған бөлігін өтеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Қарметкомбинат» Мемлекеттік акционерлік қоғамының қызметкерлеріне жалақы бойынша 1995 жылғы қарашаға дейін қалыптасқан берешектің қалған бөлігін төлеу.

Соңғы нәтиже: «Қарметкомбинат» Мемлекеттік акционерлік қоғамының қызметкерлеріне жалақы бойынша 1995 жылғы қарашаға дейін қалыптасқан берешектің қалған бөлігін өтеу жөніндегі мемлекеттің міндеттемелерін орындау.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: алушыларға берешекті уақытында төлеу.

Уақтылылығы: жыл бойы.

Сапа: берешекті уақытында төлеу.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

162-ҚОСЫМША

 

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсетуді

әдіснамалық қамтамасыз ету»

деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 21 448 мың теңге (жиырма бір миллион төрт жүз қырық сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 22-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектердің қоғамға кірігуіне және тыныс-тіршілігіне басқа адамдармен тең мүмкіндіктер жасау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

- жаңа техникалық, көмекші (компенсаторлық) құралдарды және жүріп-тұру құралдарын енгізу жөнінде жұмыс жүргізу;

- мүгедектерге ұсынылатын протездік-ортопедиялық көмектің сапасын жақсарту және қол жетерліктей қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

- протездеу бойынша медициналық қызметтер көрсету;

- отандық протездік-ортопедиялық бұйымдардың сапасын жақсарту;

- 3 акционерлік қоғамда қазіргі жаңа протез-ортопедиялық бұйымдар шығаруға көшу.

Соңғы нәтиже: мүгедектердің қазіргі протездік-ортопедиялық бұйымдарға ерекше қажеттілігін қанағаттандыру.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: шығарылатын протездік-ортопедиялық бұйымдардың өзіндік құнын төмендету.

Уақтылығы: жыл ішінде.

Сапасы: мүгедектерге жоғары сапалы протез-ортопедиялық бұйымдарды ұсынуды қамтамасыз етуге көшу.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

163-ҚОСЫМША

 

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

"Оралмандарды тарихи отанына қоныстандыру және әлеуметтік қорғау"

деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 12 176 203 мың теңге (он екі миллиард бір жүз жетпіс алты миллион екі жүз үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының «Халықтың көші қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 1, 15-1, 29-4-бабы; «Көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көші-қон процестерінің есебінен Қазақстан Республикасы халқының санын өсіруге және оралмандарды жаңа қоғамдық жағдайларға кіргіуіне жағдай жасау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

- оралмандардың қоныс аударуын және оларды әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру;

- оралмандар көші-қоны квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларына тұрғын үй сатып алуға қаражат бөлу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

- 2008 жылғы көші-қон квотасына енгізілген 15 000 оралмандар отбасын қабылдау және орналастыру;

- 2008 жылы көші-қон квотасына енгізілген, шет мемлекеттерден соңғы тұрғылықты жеріне дейін 25 оралмандар отбасын ұйымдастырып көшіру және олардың мүліктерін тасымалдау.

Соңғы нәтиже: көші-қон процестерінің есебінен Қазақстан Республикасының халқының санын өсіру.

Қаржы-экономикалық нәтиже: оралман отбасына көрсетілетін орташа көмек мөлшері - 802 883 теңге.

Уақтылығы: оралман отбасының келуіне байланысты жыл ішінде.

Сапасы: нормативтік құқықтық актілермен бекітілген мерзімде көші-қон квотасымен келген оралмандарға әлеуметтік көмектің барлық түрін ұсыну.