Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенция
(1957 жылғы 20 ақпан, Нью-Йорк қаласы)
1999.30.12. № 19-ІІ ҚР Заңымен бекітілді
Бас Ассамблеяның 1957 жылғы 29 қаңтардағы 1040 (XI) қарарымен қол қою және бекіту үшін ашық
6-бапқа сәйкес 1958 жылғы 11 тамызда күшіне енді
Уағдаласушы мемлекеттер,
Азаматтыққа қатысты құқық пен практикадағы коллизиялар әйелдердiң некеге отыруының, некенi бұзуының немесе неке одағы болған уақытта күйеуiнiң азаматтығын өзгертуi салдарынан азаматтығын жоғалтуы немесе алуы туралы қаулының нәтижесi ретiнде пайда болатындығын ескере отырып,
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Адам құқығының жалпыға бiрдей декларациясының 15-бабында «Әр адамның азаматтыққа құқығы бар» екендiгiн және «ешкiм өзiнiң азаматтығынан немесе өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан ерiксiз айырыла алмайтындығын» көрсеткендiгiн ескере отырып,
адам құқығы мен жынысына қарамастан баршаға арналған негiзгi бостандықтарды жаппай құрметтеуге және сақтауға ықпал ету үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастыққа ниет бiлдiре отырып,
осымен мына төмендегiлер туралы келiседi:
Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет өзiнiң кiм де болмасын азаматы мен шетелдiктiң арасындағы некеге отыру да, оны бұзу да, неке одағы болған кезде күйеуiнiң азаматтығын өзгертуi де автоматты түрде оның әйелiнің азаматтығында көрсетiлмейдi деп келiседi.
Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет өзiнiң кiм де болмасын азаматының қандай да болмасын басқа мемлекеттiң азаматтығын өз еркiмен алуы да, өзiнiң кiм де болмасын азаматының өз азаматтығынан бас тартуы да бұл азаматтың әйелiнiң өз азаматтығын сақтауына кедергi келтiрмейтiн болады деп келiседi.