«Кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау объектілерін тексерудің еселілігін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Десаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 2 маусымдағы № 318 Бұйрығы (күші жойылды)

Кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау объектілерін тексерудің еселілігін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Десаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 2 маусымдағы № 318 Бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына және 11-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін тексерудің еселілігі белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Малғаждарова Б.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. «Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілеріне барудың жиілігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 4 наурыздағы № 212 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 4 наурызда № 2773 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде, 2004 ж., № 21-24, 934-құжат; «Ресми газет» 2004 ж. 4 желтоқсандағы № 49 (205) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.