7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мәдениеттің ғылыми-әдістемелік қорын нығайту және саланы дамыту үшін тәжірибелік нұсқаулықтарды дайындау; мәдени саясат және этносаралық қатынас саласында ғылыми зерттеулер өткізу, еліміздің ұлттық мәдени жетістіктерінің тарихи-мәдени құндылықтарын зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру; жаңа ғылыми мәліметтерді айқындауға бағытталған мәдениет және мұражайтану саласындағы жұмыстарды жалғастыру; 45 нысан бойынша археологиялық зерттеулерді жалғастыру: 1. Бұзоқ қалашығы, 2. Қойлық қалашығы, 3. Талғар қалашығы, 4. Сарайшық қалашығы, 5. Қызыл Ойық әулиетамы, 6. Берел әулиетамы, 7. Шілікті әулиетамы, 8. Мерке-Жайсан әулиетамы, 9. Ақыртас қалашығы, 10. Ақтөбе қалашығы, 11. Тоқтауыл бекеті, 12. Айбас дарасы елді мекені, 13. Кент елді мекені, 14. Талдысай елді мекені, 15. Некрополь Чирик Рабат, 16. Тоқсанбай елді мекені, 17. Жуан төбе қалашығы, 18. Қараспан төбе қалашығы, 19. Шымкент қалашығы, 20. Сауран қалашығы, 21. Сидақ қалашығы, 22. Отырар қалашығы, 23. Бөріжары моласы, 24. Дандыбай және Тасмола мәдениеттерінің ескерткіштері, 25. Түркістан қалашығы, 26. Майбұлақ бекеті, 27. Қосқұдық, неолиттік елді мекені, 28. Қырық-оба әулиетамы, 29. Түрген некрополі, 30. Ежелгі және орта ғасырлық Жанкент, 31. Хан Ордасы кешені, 32. Әулиекөл қалашығы, 33. Бұланды қалашығы, 34. Арал Асар, 35. Сарыкөл түрік мәдени кешені, 36. Орта ғасырлық көшпенділердің Ой-Жайлау мәдени кешені, 37. Ешкіөлмес әулиетамы, 38. Тамғалы әулиетамы, 39. Арпа өзен әулиетамы, 40. Қойбағар әулиетамы, 41. Қарақыр әулиетамы, 42. Шу-Іле таулары, 43. Қаратау тауының оңтүстік баурайы, 44. Тілеубалақ әулиетамы, 45. Каялық қалашығы. «Көне Отырарды қалпына келтіру» бағдарламасы аясында археологиялық зерттеулерді жалғастыру.
Соңғы нәтиже: мәдениет саласын қамтамасыз етіп отыратын тұрақты-даму жүйесінің қызметі құрылады.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір ғылыми жобаны іске асырудың орташа шығын құны - 12252 мың теңге.
Уақыттылығы: ғылыми жобаларды уақытында дайындауды қамтамасыз ету. Жоспарланған іс-шараларды уақытында өткізу.
Сапасы: Қазақстан Республикасындағы тарихи-мәдени мұра нысандарына келуші туристердің санын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
66-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік сыйлықақылар мен стипендиялар»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 49503 мың теңге (қырық тоғыз миллион бес жүз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар тағайындау туралы» 2000 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің № 369 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы мәселелері» 2001 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің № 691 Жарлығы; «Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы» 2007 жылғы 13 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 381 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тағайындау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 3556 өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет, өнер және бұқаралық ақпарат құралдары қайраткерлерін шығармашылық, қоғамдық белсенді қызметі үшін моральді және материалды ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: бейбітшілік пен достықты, халықтар арасындағы өзара сенімдікті нығайтуға, мемлекетаралық қарым-қатынастардағы теңдік пен бірдей жариялылыққа бағытталған қызметті белсендендіру; қоғамдық және ұлтаралық келісімді бекіту, республиканың көпұлтты халқының бірлігін нығайту; демократия мен әлеуметтік прогресті дамыту; журналистер мен өнер қайраткерлерінің бұқаралық ақпарат, әдебиет, өнер саласындағы үздік жариялымдары үшін мемлекеттік сыйақы төлемін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар төлеу:
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы;
Төрт номинация (2 сыйлық пен 2 грант) бойынша президенттік сыйақы мен гранттар;
Мәдениет саласында 50 мемлекеттік стипендия;
Әдебиет және өнер саласында 3 мемлекеттік сыйлық.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасының мәдениет, өнер, әдебиет саласындағы көрнекті қайраткерлері мен журналистерінің үздік жарияланған еңбегі үшін ынталандыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Төлемнің орташа шығыны:
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының 1 бірлігі - 6000 АЕК;
Президенттік бір сыйақы - 1000 АЕК;
Президенттік бір грант - 1000 АЕК;
Мемлекеттік бір стипендия - 20 АЕК.
Уақыттылығы: мемлекеттік сыйақылар мен стипендиялардың жоспарланған төлемін қамтамасыз ету.
Сапасы: бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, өнер, әдебиет жұмысында мемлекеттік қолдауды күшейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
67-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
"Мемлекеттік қайраткерлердің бейнесін мәңгі есте қалдыру«
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5000 мың теңге (бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлерді үлгі ете отырып, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті қайраткерлерін мәңгілік есте сақтау мақсатында шараларды ұйымдастыру және өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: көрнекті қайраткерлерді мәңгі есте сақтау мақсатындағы шараларды ұйымдастыру.
Соңғы нәтиже: мәдениет және өнер саласындағы аса көрнекті қайраткерлерді мәңгі есте сақтау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: еске алуға арналған астың орташа құны - 520 мың теңге. Көрнекті мәдениет қайраткерлеріне құлпытас дайындаудың орташа құны - 600 мың теңге.
Уақтылығы: қажетті шараларды уақытында өткізу.
Сапасы: Мемлекет тарихындағы көрнекті қайраткерлердің есімін сақтау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
68-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 568035 мың теңге (бес жүз алпыс сегіз миллион отыз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңының 4, 6, 23, 25-баптары; «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» 2007 жылғы 14 ақпандағы № 108 Қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысы; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік терминологиялық жұмыс тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 444 қаулысы; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту; Қазақстан халқының тілдерін дамыту; біртұтас қазақ ұлтының құрамдас бөлігі ретінде шетелде тұратын отандастарды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық қорғау мен қолдаудың мемлекеттік жүйесін жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік тілдің барлық мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызметтік міндеттерді орындау үшін іс жүргізудің негізгі тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету; қазақ терминологиясын жетілдіру; орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау және этникалық топтар өкілдеріне ана тілдерін оқытуға қолдау көрсету; мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін үйрету жөніндегі барлық қажетті ұйымдастырушылық жағдайларды жасау; шетелде тұратын отандастармен жан-жақты байланыстарды дамыту мен нығайту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: