ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- мәдениет саласында Қазақстанның мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға бағытталған және кинематография құралдары арқылы елдің әлеуметтік экономикалық дамуын көрсететін жаңа фильмдермен фильм қорын молайту;
- 2 ауыспалы көркем фильмдерді аяқтау;
- тарихи тақырыптағы, классикалық қазақ әдебиетінің шығармаларын және қазіргі заман тақырыбындағы фильмдерді экранизациялау шығармалары енгізілген ауыспалы көркем фильм шығару жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
- кемінде 5 жаңа көркем фильм шығару;
- тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихында қайталанбас маңызы бар тарихи оқиғаларды бейнелейтін қазақ халқының кемеңгер тұлғалы ұлдарының өмірі және қызмет тарихын деректі кино құралдары арқылы бейнелейтін 6 деректі фильм шығару;
- қазақ халқының сан ғасырлық тарихы барысында қалыптастырған гуманистік патриоттық идеалдар мен құндылықтар тұрғысында жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелейтін балалар мен жасөспірімдерге арналған 4 анимациялық фильм шығару.
Соңғы нәтиже: республика тұрғындарының идеалогиялық тәрбиесінде ұлттық фильмдердің рөлін арттыру. Халықаралық аренада мемлекеттің имидждік саясатын киноматография құралдарымен жылжыту, тұрғындардың мәдени деңгейін көтеру.
Қаржы-экономикалық нәтиже көркем фильмді шығарудың орташа құны 99470 мың теңге, деректі фильмді шығарудың орташа құны 3 000 мың теңге, анимациялық фильмді шығарудың орташа құны 5 000 мың теңге.
Уақыттылығы: тақырыптық жоспарға сәйкес ұлттық фильмдерді түсіру жөніндегі мемлекеттік тапсырысты уақытында орындау.
Сапасы: халықаралық фестивальдарға, кинофестивальдар мен байқауларға қатысу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
73-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мұрағат қорын сақтауды қамтамасыз ету»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 325701 мың теңге (үш жүз жиырма бес миллион жеті жүз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2004 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару мен бюджеттік қатынастар деңгейі арасындағы өкілеттікті шектеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы« Қазақстан Республикасының Заңы, 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2002 жылғы 28 мамырдағы № 578 «Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 445 «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі Комитеттің мемлекеттік мекемелерін құру туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері жөніндегі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2005 жылғы 1 наурыздағы № 183 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Археография және деректану Ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарға қарайтын мемлекеттік мекемелер санының лимиттік штатын бекіту« туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2006 жылғы 19 шілдедегі № 692 «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 «2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындаудың жүйелі кестесі туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2006 жылғы 30 қарашадағы № 1153 «Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан халықтарының тарихи-деректі мұраларын сақтауды қамтамасыз ету және оны ғылымды, мәдениетті дамыту мақсатында қолдану, азаматтар мен мемлекеттің сұранысын қанағаттандыру, мемлекеттің мұрағат ісі және құжаттама жүйесінің моделін одан әрі жетілдіру және дамыту үшін жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын толықтыруды қамтамасыз ету, мұрағат ісі, құжаттану саласында басқару, сақталуды, мемлекеттік есепке алу және арнайы пайдалануды, дыбыстық бейнелік және ғылыми-техникалық құжаттамамен ғылыми-зерттеу мен ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының 1 900 000 бірлігін сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті шарттарға қол жеткізу; «Қазақстан Мұрағаттары» журналын 1000 дана тиражбен шығару; 38 экскурсия өткізу; 3 республикалық семинар өткізу; Мұрағат құжаттарының 15 көрмесін өткізу; Мұрағат құжаттарының 280 000 бірлігін қайта қалпына келтіру; Мұрағат құжаттары көшірмесінің 600 000 шағынфильмдерінің сақтандыру қорын құру; Мұрағат құжаттары көшірмесінің 600 000 микрофильмдерінің пайдалану қорын құру; шет елдердегі мұрағаттарға, кітапханаларға ғылыми экспедициялар (іс сапарлар) ұйымдастыру; 280 толықтыру көздері болып табылатын мекемелерге әдістемелік көмек көрсету және кеңес беру; әлеуметтік-құқықтық сипаттағы, соның ішінде, 1900 ұсыныстарды орындау; 175 тақырыптық ұсыныстарды орындау; БАҚ-та 50 мақала жариялау; Зерттеушілерге 30 000 сақтау бірлігін оқу залы арқылы беру; Тұрақты сақталатын 10 000 істер тізімдемесін талдау-сараптамалық комиссиясында бекіту; мамандардың кәсіптік деңгейін көтеру және жұмыс тәжірибесіне халықаралық тәжірибені ендіру үшін шетел мемлекеттерінің мұрағаттарына, ғылыми орталықтарына және институттарына мұрағат ісі саласындағы қызметкерлерді тәжірибе алмасуға жіберу; "Қазақстан Мұрағаттары" веб-сайты қызметінің құралдары арқылы мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы жаңа нормативтік және әдістемелік әзірлемелермен ақпараттандыру; Орталық мемлекеттік мұрағат ғимаратын күрделі жөндеуді аяқтау.
Сатып алу: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Орталық мемлекеттік мұрағатына: компьютерлік қондырғы - 14 жабдық; сервер - 1 бірлік; көшірме аппараты - 1 бірлік; металл шкафтар - 3 бірлік. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Кинофотоқұжаттар және дыбысжазбалар орталық мемлекеттік мұрағатына: компьютерлік қондырғы - 9 жабдық; көшірме аппараты - 1 бірлік; каталогтық шкафтар - 2 бірлік; көрме витриналары - 5 бірлік. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Ғылыми-техникалық құжаттар орталық мемлекеттік мұрағатына: компьютерлік қондырғы - 9 жабдық; сейфтер - 3 бірлік, сервер - 1 бірлік. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Мұрағат істері жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығына: компьютерлік қондырғы - 5 жабдық; сейф - 2 бірлік. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті мемлекеттік мұрағаттардағы құжаттық материалдардың шағын фотокөшірмелерін жасау және қалпына келтіру орталық зертханасына: компьютерлік қондырғы - 3 жабдық; пленканы ультрадыбыстық желімдеу құрылғысы - 2 бірлік. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетіне қарасты Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатына: каталогтық шкафтар - 5 бірлік. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетіне қарасты Археография және деректану ұлттық орталығына: көрме витриналары - 5 бірлік. Тарихи және мәдени мұраларды сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы үшін тарихи және мәдени құндылығы бар бірегей қолжазбаларды, құжаттар көшірмелерін, аса құнды құжаттық коллекцияларды, жеке қорларды сатып алу (шағын фильмдер жасау).
Соңғы нәтиже: Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету және пайдалану жөніндегі іс-шараларды өткізу, мемлекеттік мұрағат мекемелерінің қызмет етуі, материалдық-техникалық базасын жетілдіру, мұрағат ісі және құжаттама жүйесінің моделін әрі қарай дамыту және жетілдіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Мұрағат құжаттарының бір бірлігін сақтау (басқару, ғылыми-техникалық құжаттама істері бюкс, негатив және позитив кадрлер, магнитті диск, слайд, шағынфиша, жеке қор құжаттары) 95 теңгені құрайды.
Уақыттылығы: мемлекеттік мұрағаттық мекемелер жұмысының бекітілген жоспарына сәйкес.
Сапа: мемлекет пен қоғам сұранысын өткенді шолатын ақпаратпен қанағаттандыру және сақталу жағдайын жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
74-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1148234 мың теңге (бір миллиард бір жүз қырық сегіз миллион екі жүз отыз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 7, 28-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 «Мерейтойлар мен атаулы күндерді өткізу туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениетті дамыту үшін жағдай жасау, классикалық және халық өнерінің жақсы дәстүрлерін сақтау, әлемдік мәдени кеңістікке ұмтылу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Өнердегі шығармашылық үрдістерін үздіксіз дамыту, ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарды және Қазақстанның қазіргі заманғы мәдени жетістіктерін насихаттау; өнер мен мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызды іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; жаңа таланттарды анықтау, шығармашылық ұжымдардың кәсіби деңгейін жетілдіру; шетелдерде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Келесі іс-шараларға қатысу және өткізу: кемінде 9 байқау, 2 мерейтойлық іс-шаралар, 8 фестивальдар, 7 мерекелік күндер, 4 көрме, кемінде 23 басқа да іс-шаралар.
Соңғы нәтиже: Халықтың мәдени деңгейін көтеру, Қазақстан туралы шетел азаматтары білімдерінің кеңеюі, өнер және мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық әлеуетінің өсуі, Улгий қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет орталығын құру (Монғолияда).