Қарағанды қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған IV сессиясының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 47 шешімі
(2008.31.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 28 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 85 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 1 тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды қалалық мәслихатының 2008.31.03. № 83 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (2008 жылдың 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1. 2008 жылға арналған қала бюджеті 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 19 469 939 мың теңге; оның ішінде:
салықтық түсімдері - 10 847 290 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 57 145 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 2 765 510 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 5 799 994 мың теңге;
2) шығындар - 19 600 644 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -130 705 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 469 139 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 488 250 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 19 111 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -599 844 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 599 844 мың теңге:
2. Бюджет кодексінің 49 бабының 1 тармағына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы «2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» № 35 шешімімен Қарағанды қаласы бюджетіне келесі көлемдегі аудару нормативтері бекітілді:
жеке табыс салығы бойынша - 50 пайыз;
әлеуметтік салық бойынша - 50 пайыз.
Қарағанды қалалық мәслихатының 2008.31.03. № 83 шешімімен 3-тармақ өзгертілді (2008 жылдың 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)