Трансферттік баға белгілеу туралы 2008 жылғы 5 шілдедегі № 67-ІV Қазақстан Республикасының Заңы (2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Осы баптың ережелері, егер еларалық есептілік ұсынылатын есепті қаржы жылының тікелей алдындағы қаржы жылы үшін халықаралық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша түсім мөлшері:

егер халықаралық топтың негізгі компаниясы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, тиісті қаржы жылындағы орташа арифметикалық ресми валюта бағамы қолданыла отырып, 750 миллион еуроға баламалы;

егер халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда және осындай шет мемлекетте еларалық есептілікті ұсыну бойынша заңнама болған кезде - осындай мемлекеттің құзыретті органына еларалық есептілік ұсыну жөніндегі міндеттің туындауы үшін халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы резиденті болып табылатын шет мемлекеттің заңнамасында белгіленген сомадан кем емес болатын жағдайда халықаралық топтың негізгі компаниясына немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушыға (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) немесе уәкілетті органның талап етуі бойынша еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндет жүктелген халықаралық топқа өзге қатысушыға қолданылады.

5. Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органынан салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы ережені көздейтін халықаралық шарт (келісім) негізінде, қатысушыларының бірі Қазақстан Республикасының резиденті немесе Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент болып табылатын халықаралық топтың қызметіне қатысты еларалық есептілік деректерінің осындай халықаралық шарттың (келісімнің) тараптары белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жыл сайынғы негізде автоматты түрде ақпарат алмасу арқылы ұсынылуын сұратуға және талап етуге тиіс.

6. Шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органы өзаралық қағидатын сақтаған жағдайда, уәкілетті орган тараптарының бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы ережені көздейтін қолданыстағы халықаралық шарт (келісім) негізінде халықаралық топқа қатысушы резидент немесе кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент болып табылатын шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органына Қазақстан Республикасында халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы ұсынған еларалық есептіліктің тиісті деректерін шет мемлекеттің сұрау салуы бойынша осындай халықаралық шарттың (келісімнің) тараптары белгілеген тәртіппен және мерзімдерде автоматты түрде ақпарат алмасу арқылы жіберуге тиіс.

Осы баптың мақсаттары үшін өзаралық қағидаты деп уәкілетті органның және шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органының еларалық есептіліктің деректерін өзара ұсынуы түсініледі.

 

2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 7-4-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7-4-бап. Салық салу мақсатында трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті пайдалану

Уәкілетті орган трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті салық салу мақсатында пайдалануға құқылы.

 

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 8-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8-бап. Уəкілетті органның басқа ұйымдармен өзара іс-қимылы

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Уəкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мына субъектілерден:

1) мемлекеттік органдардан;

2) банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан, сақтандыру брокерлерінен;

4) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларынан;

5) аудиторлардан, аудиторлық ұйымдардан;

6) халықаралық іскерлік операцияларға қатысы бар өзге де ұйымдардан мәміле бағасының қолданылу дұрыстығын айқындау үшін қажетті ақпарат сұратуға құқылы.

2. Ақпарат беру және мемлекеттік органдардың мамандарын тексерулерге тарту туралы сауалдар күнтізбелік отыз күн ішінде орындалуға міндетті.

 

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді

9-бап. Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізу

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Уəкілетті орган мынадай жағдайларда:

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мəміле шарттарының нарықтық шарттардан немесе мəміле бағасының нарықтық бағалардан ауытқу фактісі анықталған кезде;

2) мемлекеттік органдардан алынған трансферттік бағаларды қолдану фактілері туралы ақпарат негізінде;

2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) нарықтық бағалар бойынша ақпарат көздері болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтау мәселелері бойынша уәкілетті органдар жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу кезінде трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізеді.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Трансферттік бағаларды қолдану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексеруді және мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу тәртібі мен мерзімдерінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалады.

 

2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-бап. Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету

2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Тексеру жүргізу барысында бағалар ауқымы ескеріле отырып, мəміле шарттарының нарықтық шарттардан немесе мəміле бағасының нарықтық бағалардан және (немесе) мәмілеге қатысушы рентабельділігінің рентабельділік ауқымынан ауытқу фактісі анықталған кезде уәкілетті орган осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген тәртіппен салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасайды.

2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, биржалық тауарлар бойынша ақпарат көздерінде көрсетілген бағалар ауқымы және дифференциал ескеріле отырып, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасалады. Биржалық тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше көзделмесе, ауыл шаруашылығы өнімімен мәмілелер бойынша мәміленің бағасы нарықтық бағадан он проценттен артық ауытқыған кезде, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасалады.

4. Ағымдағы күнтізбелік жылдың алдағы айларының бірінде өндірілген (алынған) ауыл шаруашылығы өніміне қатысты ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 наурызы мен 1 шілдесі аралығындағы кезеңде жасалған экспорттық шарттар бойынша, егер экспорттық келісімшарт жасалғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде осы ауыл шаруашылығы өнімінің бөлек есебі жүргізілген және мәмілеге қатысушының (сатушының) банктік шоттарына резидент еместен экспорттық келісімшарттың жалпы сомасының кемінде елу проценті мөлшерінде ақшалай қаражат түскен жағдайда, мәміле бағасы мамандандырылған ұйымның ағымдағы күнтізбелік жылға белгіленген коммерциялық сатып алу бағасынан төмен болмаса, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасалмайды.

2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету мәміле бағасының (маржасының, рентабельділігінің) ақпарат көзінде көрсетілген, бағалар (маржа, рентабельділік) ауқымынан алынған медианалық мән ретінде айқындалған нарықтық бағадан (маржадан, рентабельділіктен) ауытқуы кезінде мыналармен:

1) жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген;

2) тауар айырбастау (бартерлік) операцияларын жүзеге асыратын;

3) мәміле жасалған жылдың алдындағы соңғы екі салық кезеңінде салық декларацияларының деректері бойынша залал шеккен;

4) салықтар бойынша жеңілдіктері бар;

5) қарсы біртекті талапты есепке алу (талапты басқаға беру кезіндегі есепке алуды қоса алғанда) жолымен жүргізілетін мәмілелер жөніндегі міндеттемелерді орындауды жүзеге асыратын қатысушылармен жасалатын мәмілелерге жасалады.

2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 5-1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-1. Уәкілетті орган өзара байланысты тараптармен жасалған мәмілелер бойынша мәміле бағасы (маржасы, рентабельділігі) ақпарат көзінде көрсетілген, бағалар (маржа, рентабельділік) ауқымынан алынған медианалық мән ретінде айқындалған нарықтық бағадан (маржадан, рентабельділіктен) ауытқыған кезде жүргізілген салықтық тексерудің нәтижелері бойынша салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге түзету жүргізеді.

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасау негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұлдар мен өсімпұлдар қолданыла отырып салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жүргізіледі.

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Салықтар жəне (немесе) кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктері бар мəмілеге қатысушыда бағалар ауқымы ескеріле отырып, мəміле шарттарының нарықтық шарттардан немесе мəміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісі анықталған жағдайда, мəміле шарттарының нарықтық шарттардан немесе мəміле бағасының нарықтық бағадан (маржадан, рентабельділіктен) ауытқуы анықталған кезеңде салықтарды жəне төлемдерді төлеу Қазақстан Республикасының салықтық жəне кедендік міндеттемелерді азайтатын заңнамасының арнайы ережелері қолданылмастан, жалпы белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады.

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді

8. Салыстырымды экономикалық шарттарда «қол созу» принципіне сай келмейтін, осы Заңның 16-бабына сәйкес жүзеге асырылатын пайданы бөлу фактісі анықталған кезде салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету есепті салық кезеңінің қорытындылары бойынша мəмілеге қатысушылар арасында жасалады.

Осы тармаққа сәйкес түзету Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес талап етілетін құжаттардың нысандарын ресімдей отырып, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жөнелтілгенін растайтын төлем құжаттарын және бастапқы құжаттарды тиісті өзгертусіз, салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді өзгерту жолымен жүзеге асырылады.

Мәмілеге қатысушының жалпы пайданың бір бөлігін мəмілеге қатысушылар арасында бір мезгілде аудара отырып, осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жасаған түзетуі жағдайында алынған пайда есепті салық кезеңінде өткізуден түскен табыс ретінде қаралады, ал берілген пайда есепті салық кезеңінде өткізуден түскен табысты азайту ретінде қаралады.

Осы тармаққа сәйкес салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге жасалатын түзету әрбір мәміле бойынша жеке-жеке, осы баптың 9-тармағында көзделген шарттарды сақтап, тиісті есептер қоса беріле отырып, мемлекеттік кіріс органдарына табыс етілетін тиісті салық есептілігінде көрсетілуге тиіс.

9. Егер мұндай түзету салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларының өсуіне әкеп соғатын немесе одан әрі өсуіне әкеп соғуы мүмкін болса, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасалады.

2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді

10. Бағалар ауқымы ескеріле отырып, мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуы кезінде салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге мынадай жағдайларда:

1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта мәміле бағасы және (немесе) баға белгілеу тәртібі (әдістемесі) белгіленген немесе айқындалған;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен басқа да мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісімдерде мәміле бағасы белгіленген;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2011 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мәміле бағасы және (немесе) баға белгілеу тәртібі (әдістемесі) белгіленген кезде түзету жасалмайды.

Мәміле бағасының осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) - 3) тармақшаларына сәйкес белгіленген және (немесе) қалыптастырылған бағадан ауытқуы кезінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету осы Заңда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістемесін) белгілеу туралы өтінішті мәмілеге қатысушы ұсынылып отырған бағаның және (немесе) баға белгілеу тәртібінің (әдістемесінің) экономикалық негіздемесін, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық салдарлардың туындау қатерін растайтын құжаттарды (есептерді, негіздемелерді) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістемесін) белгілеу қажеттігінің негіздемесін қоса тіркей отырып, мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынады.

Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган өтінішті алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай шешімдердің бірін:

1) мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістемесін) белгілеудің орындылығы туралы шешім қабылдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістемесін) белгілеу туралы ұсыныстарды жолдайды;

2) мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістемесін) белгілеудің орынсыздығы туралы шешім қабылдайды және мәмілеге қатысушыға дәлелді бас тартуды жолдайды.

2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Салық төлеуші кешенді салықтық тексеруді (трансферттік баға белгілеу мәселелері енгізілген жағдайда) және трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тақырыптық тексеруді жүргізу басталғанға дейін салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге дербес түзету жасаған кезде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомалары бағалар ауқымы және (немесе) рентабельділік (маржа) ауқымы қолданыла отырып есептеледі және уәкілетті органға ұсынылатын тиісті салық есептілігі көрсетіле отырып, айыппұл есептелмей енгізілуге тиіс.

2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12. Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген мәмілеге қатысушының салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілеріне түзету мынадай түрде:

1) осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген әдісті қолдану кезінде - осы Заңның 13-бабы 5-тармағының ережелері ескерілмей;

2) осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген әдістерді қолдану кезінде жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген мәмілеге қатысушының рентабельділігі ескерілмей жүргізіледі.

 

2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

10-1-бап. Жекелеген жағдайларда нарықтық бағаны айқындау және салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету

1. Мәміле бағасы Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012 жылғы 30 маусымға дейін бекіткен жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тараптармен жасалған мәмілелерді қоса алғанда, өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде өткізілетін тауарлардың нарықтық бағасын айқындау тәртібіне (әдістемесіне) сәйкес қалыптастырылған құқықтық қатынастар субъектілеріне осы Заңда белгіленген нарықтық бағаны айқындау әдістері қолданылмайды.

Мәміле бағасы жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тараптармен жасалған мәмілелерді қоса алғанда, өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде өткізілетін тауарлардың нарықтық бағасын айқындау тәртібіне (әдістемесіне) сәйкес қалыптастырылған бағадан ауытқыған кезде салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету осындай тәртіпке (әдістемеге) сәйкес айқындалатын бағаға дейін жүргізіледі.

2. Осы бап өнімді бөлу туралы келісім күшіне енген күннен бастап жасалған мәмілелерге қолданылады.

 

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 10-2-баппен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

10-2-бап. Мəміле шарттарын нарықтық шарттармен салыстыру жəне функционалдық талдау

1. Мəміле шарттарының нарықтық шарттардан немесе мəміле бағасының нарықтық бағалардан ауытқу фактісін анықтау үшін бақыланатын мəмілені дəл айқындау керек.

2. Бақыланатын мəмілені дəл айқындау процесінде мынадай экономикалық маңызы бар сипаттамаларды анықтау қажет:

1) міндеттерді, тəуекелдер мен пайданы жəне бақыланатын мəміленің тиісті тараптар арасында қалай бөлінетінін айқындау мақсатында жазбаша шарттарға да немесе басқа жазбаша дəлелдемелерге де, тараптардың нақты мінез-құлқына да негізделетін мəмілелер шарттары;

2) пайдаланылатын активтер мен қабылданатын тəуекелдерді ескере отырып, мəміле тараптарының əрқайсысы орындайтын функциялардың, активтердің жəне тəуекелдердің құн құрумен қалай байланысты екенін қоса алғанда, осындай функциялар;

3) мəміленің шарттарына ықпал етуі мүмкін тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің сипаттамалары;

4) нарықтардың географиялық жағдайы мен ауқымын, орналасқан жерінің артықшылықтары, нормативтік құқықтық актілерін, жұмыс күшінің құны, капитал, сондай-ақ өндірістің басқа факторлары, жалпы экономикалық даму мен бəсекелестік деңгейі, сондай-ақ тиісті нарықтар сипаттамаларының болуы сияқты өңірлік айрықша факторларын қоса алғанда, тараптардың жəне тараптар жұмыс істейтін нарықтың экономикалық жай-күйі;

5) мəміле тараптарының нарыққа енгізу стратегиясын, өнімдердің өмірлік циклдерін немесе құқықтарды, инновацияларды, өнімдер əзірлеуді, тəуекелдерді болғызбауды жəне саясатты өзгертуді қамтитын, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасына əсер ететін нарықтық (коммерциялық) стратегияларының сипаттамасы.

3. Бақыланатын мəмілені айқындау қорытындысы бойынша экономикалық маңызы бар сипаттамалар ескеріле отырып, бақыланатын мəміленің шарттары мен бағаларын нарықтық шарттармен немесе нарықтық бағалармен салыстыру жүргізіледі.

4. Материалдық емес активтердің бақыланатын жəне салыстырымды мəмілелердің шарттарына əсерін айқындау мен талдау, атап айтқанда мыналар, бірақ бұл ғана емес:

1) материалдық емес активтерді заңды түрде иелену жəне оларды пайдаланудың шарттық жағдайлары ескеріле отырып, жүзеге асырылады.

Егер материалдық емес активтің заңды иесі реттеуші келісімшарттарға сəйкес айқындалмаса, онда материалдық емес активті пайдалануға қатысты шешімдерді бақылайтын жəне басқа тұлғаларды материалдық емес активті пайдаланудан шектеуге практикалық мүмкіндігі бар салық төлеушілер осындай тұлға болып табылады;

2) материалдық емес активтердің санаттары мен сипаттамалары (құқықтық қорғаудың эксклюзивтілігі, дəрежесі жəне ұзақтығы, қолданудың географиялық қолдану аясы, тиімді пайдалану мерзімі, əзірлеу сатысы жəне өзге де санаттары мен сипаттамалары);

3) материалдық емес активтермен байланысты шарттық жəне нақты функциялары ескеріле отырып, жүзеге асырылады. Бұл функциялар осындай активтерді əзірлеуге, жетілдіруге, қолдауға, қорғауға жəне пайдалануға байланысты тəуекелдерді бақылауға қатысты функцияларды қамтиды.

5. Егер материалдық емес активтің заңды иесі осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген функцияларды жəне байланысты тəуекелдерді бақылауды жүзеге асыруды орындамаса, онда қарастырылып отырған материалдық емес активке қатысты кірістер мен шығыстарды бөлу осы иеленушіге жүргізілмейді жəне осындай функцияларды орындағаны үшін тиісті өтемақыны ұсыну арқылы осы функцияларды орындайтын басқа өзара байланысты тұлғалардың қатысуы ескеріліп жүзеге асырылады.

6. Осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген функцияларды орындамайтын жəне осындай функцияларды орындау үшін қаржыландыруды ғана ұсынатын материалдық емес активтің заңды иесі мынадай жағдайларда кіріс сомасын алуға құқылы:

1) егер қаржыландыруды ұсынатын тұлға өзіне кез келген басқа тəуекелді қабылдамай, қаржыландыруды ұсынуға байланысты қаржылық тəуекелді бақылауды жүзеге асырмаса, онда ол өзінің қаржыландыруынан тəуекелсіз пайыздық мөлшерлеме бойынша ғана кіріс алуға құқылы;

2) егер қаржыландыруды ұсынатын тұлға өзіне кез келген басқа тəуекелді қабылдамай, қаржыландыруды ұсынуға байланысты қаржылық тəуекелді бақылауды жүзеге асыратын болса, онда ол өзінің қаржыландыруынан тəуекелді ескеріліп түзетілген кірістілікті ғана алуға құқылы.

7. Егер жүзеге асырылған бақыланатын мəміленің шарттары жасалған (жазбаша) шарттың талаптарына сай келмесе жəне (немесе) бақыланатын мəміле тараптарының əрекеттері жəне оны жүргізу мəн-жайлары осындай шарттың талаптарынан өзгеше болса, трансферттік баға белгілеу мақсаттары үшін бақыланатын мəміленің коммерциялық жəне (немесе) қаржылық сипаттамалары мəміле тараптарының іс жүзіндегі əрекеттеріне жəне оны жүргізудің нақты шарттарына сəйкес айқындалады.

8. Егер бақыланатын мəміле жүзеге асырылса, бірақ құжатпен рəсімделмесе (расталмаса), трансферттік баға белгілеу мақсаттары үшін мəміле оның тараптарының нақты мінез-құлқына жəне оны жүргізудің нақты шарттарына сəйкес қаралуға тиіс, атап айтқанда, мəміле тараптары орындаған функциялар, пайдаланылған активтер жəне тараптардың əрқайсысы өзіне қабылдаған жəне бақылаған тəуекелдер ескеріледі.

9. Экономикалық маңызы бар тəуекелдерді айқындау үшін мыналар қажет:

1) мəміле тəуекелдерін егжей-тегжейлі айқындау;

2) шарттық қатынастар негізінде тəуекелдерді бөлуді айқындау;

3) тəуекелдерді бақылауға жəне азайтуға байланысты функцияларды мəміле тараптары қалай орындайтынын жəне осы тəуекелдердің нəтижелері мəміле тараптарына қалай əсер ететінін жəне мəміле тараптарының қайсысында осы тəуекелдердің əсерін қабылдауға қаржылық мүмкіндік бар екенін айқындау;