Трансферттік баға белгілеу туралы 2008 жылғы 5 шілдедегі № 67-ІV Қазақстан Республикасының Заңы (2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

4) тəуекелдерді шарттық бөлу мен тараптардың мінез-құлқы арасындағы сəйкестікті айқындау. Егер шарт бойынша тəуекелдерді қабылдайтын тарап тəуекелдерді бақылау жөніндегі функциялардың барлығын немесе көпшілігін орындайтын жəне өзіне тəуекелдерді қабылдау үшін қаржылық мүмкіндіктері бар тараптан өзгеше болса, онда тəуекел осы мəміле тарапына бөлінеді. Осы талдаудың мақсаттары үшін тəуекел жүктелмеген басқа мəміле тараптары сонда да өздері орындайтын функциялар үшін тиісті сыйақыны алуға тиіс.

10. Егер мəміле тараптарының əрекеттеріне жəне оның орындалуына сəйкес айқындалған, трансферттік баға белгілеу мақсаттары үшін бақыланатын мəміленің шарттары салыстырымды экономикалық жағдайларда экономикалық себептердің болуы ескеріле отырып, тəуелсіз тараптар арасында қолданылатын шарттардан өзгеше болса жəне салыстырымды экономикалық жағдайларда əрекет ететін жəне мəміле тараптарының əрқайсысы үшін қолжетімді баламалы нұсқаларды ескеріле отырып, кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыратын тəуелсіз тараптардың мұндай бақыланатын мəмілеге келмеуі мүмкін екені анықталатын болса, уəкілетті органның салық төлеушінің салық есебін есептеу кезінде мұндай бақыланатын мəмілені ескермеуге (мойындамауға) құқығы бар немесе мəміле салыстырымды экономикалық жағдайларда кіріс алу мақсатында əрекет ететін тəуелсіз тараптар жасауы мүмкін мəміленің (келісімшарттың) талаптарын айқындау мақсатында баламалы нұсқаға ауыстырылуы мүмкін.

 

2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді

11-бап. Тараптардың өзара байланыстылығын айқындау

Өздерінің арасындағы мәмілелердің (операциялардың) экономикалық нәтижелеріне ықпал ететін ерекше өзара қарым-қатынастары бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар өзара байланысты тараптар болып танылады.

Мұндай ерекше өзара қарым-қатынастар мынадай:

2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) бір тұлға басқа тұлғаның үлестес тұлғасы болып танылған;

2) тұлға мәмілеге қатысушының ірі акционері, ірі қатысушысы (дауыс беретін акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп процентін иеленуші) болып табылатын;

3) мүлікті сенімгерлікпен басқаруды қоса алғанда, мәмілеге қатысушымен шарт арқылы өзара байланысты тұлға, мүлікті сенімгерлікпен басқаруға сәйкес сенімгерлікпен басқарушы қабылдайтын шешімді айқындауға құқылы болатын;

4) мүліктің меншік иесі осы мүлікке қатысты, оның ішінде мүлікті сенімгерлікпен басқаруға сәйкес меншік иесі осындай тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы болатын шарт негізінде, мүліктің меншік иесінің бір немесе бірнеше құқықтық өкілеттігі (иелену, пайдалану, билік ету) берілген тұлғамен өзара байланысты болатын;

5) тәуелсіз директорды қоспағанда, тұлға осы баптың 2), 3), 6) - 10) тармақшаларында аталған мәмілеге қатысушының немесе заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы болып табылатын;

6) заңды тұлғаны мәмілеге қатысушының ірі акционері, ірі қатысушысы немесе лауазымды тұлғасы болып табылатын тұлға бақылайтын;

7) мүлікте тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғаға қатысты мәмілеге қатысушының ірі акционері, ірі қатысушысы немесе лауазымды тұлғасы болып табылатын тұлға ірі акционер, ірі қатысушы болып табылатын;

8) мүлікте тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғаға қатысты мәмілеге қатысушы ірі акционер, ірі қатысушы болып табылатын;

9) заңды тұлға мәмілеге қатысушымен бірлесіп, үшінші тұлғаның бақылауында болатын;

2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) тұлға осы баптың 2), 3), 6) - 9) тармақшаларында аталған мәмілеге қатысушының не заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп процентін дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп иеленетін, пайдаланатын, оған билік ететін;

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) мәмілеге қатысушының тәуелсіз директорын қоспағанда, жеке тұлға ірі акционер, ірі қатысушы не лауазымды тұлға болып табылатын жеке тұлғаның жұбайы (зайыбы), жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы, асырап алушысы, асырап алғаны, аға-інісі, апа-қарындасы (сіңлісі), әжесі, атасы, немересі), сондай-ақ жекжаты (жұбайының (зайыбының) аға-інісі, апа-қарындасы (сіңлісі), ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып табылатын;

12) егер бір ғана тұлға мүлікті сенімгерлікпен басқарудың екі шарты бойынша да сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы болса және өздері қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі болса, екі сенімгерлікпен басқарушы өзара байланысты болатын;

13) егер сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының сенімгерлікпен басқарушы қабылдайтын шешімді айқындайтын мүмкіндігі болса, сенімгерлікпен басқарушы және онда сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы ірі акционер не ірі қатысушы (дауыс беретін акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп процентін иеленетін) болып табылатын ұйым болатын;

14) егер сенімгерлікпен басқарушы қабылдайтын шешімді айқындау мүмкіндігі бар бір ғана тұлға мүлікті сенімгерлікпен басқарудың екі шарты бойынша да сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы болып табылса, мүлікті сенімгерлікпен басқарудың бір шарты бойынша сенімгерлікпен басқарушы және мүлікті сенімгерлікпен басқарудың екінші шарты бойынша пайда алушы өзара байланысты болып танылатын;

15) 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 16) - 20) тармақшалармен толықтырылды (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

16) тұлға басқа тұлғаның және оның өзара байланысты тарапының материалдық емес активтерін және (немесе) зияткерлік меншік құқықтарын пайдаланып өнім өндіретін немесе оны сататын, солар үшін өзі жиынтығында мұндай өнімдердің бастапқы құнының (немесе өзіндік құнының) елу пайызынан астамын құрайтын төлемдерді жүргізуге тиіс болатын;

17) тұлға және (немесе) оның өзара байланысты тарапы дайын өнімді өндіру үшін басқа тұлға пайдаланатын шикізаттың, материалдардың немесе бастапқы өнімнің жалпы құнының (негізгі құралдардың амортизация шығыстары есепке алынбаған) елу пайыздан астамын беретін;

18) тұлға және (немесе) оның өзара байланысты тарапы халықаралық іскерлік операциялар болып табылатын мәмілелер бойынша басқа тұлғаның есепті күнтізбелік жылдағы түсімінің елу пайыздан астамын қалыптастыратын;

19) тұлғалардың бірі тәуелсіз халықаралық қаржы ұйымы немесе шет мемлекеттің мемлекеттік мекемесі болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ тұлғалардың бірінде Қазақстан Республикасында немесе шет мемлекетте берілген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиясы болған жағдайларды қоспағанда, тұлғаның мәміле жасалған немесе мәміленің негізгі шарттары қайта қаралған күні басқа тұлға алдындағы жалпы берешегі меншікті капиталдың елу пайызынан асатын немесе есепті күнтізбелік жылдың соңындағы жалпы борыш сомасының кемінде он пайызына басқа тұлға кепілдік беретін;

20) тұлғаға есепті күнтізбелік жылға тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу немесе сату кезінде жазбаша келісімге сәйкес компанияның агенті, дистрибьюторы немесе дилері ретінде құқықтар берілген шарттарды қамтиды.

Осы баптың екінші бөлігінің 16) - 20) тармақшаларында көзделген шарттар:

қаржылық есептілігі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі - ХҚЕС) сәйкес ашық қолжетімділікте жарияланатын және (немесе) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (бұдан әрі - ЭЫДҰ) қатысушы елдердің қор биржаларында ұсынылған;

қаржылық есептілігі ХҚЕС-ке сәйкес ашық қолжетімділікте жарияланатын және (немесе) ЭЫДҰға қатысушы елдердің қор биржаларында ұсынылған халықаралық топтың қатысушысы болып табылатын;

қаржылық есептілігі уәкілетті органның талап етуі бойынша оған сұрау салу алынған кезден бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей ұсынылатын мәмілеге қатысушы-бейрезидентке қолданылмайды. Бұл ретте қаржылық есептілікті тәуелсіз аудиторлық ұйым растауға тиіс.

 

12-бап. Нарықтық бағаны айқындау әдістері

1. Нарықтық бағаны айқындау мақсатында мынадай әдістердің бірі қолданылады:

1) салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі;

2) «шығындарға қосу» әдісі;

3) кейіннен өткізу бағасы әдісі;

4) пайданы бөлу әдісі;

5) таза пайда әдісі.

2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісін қолдану мүмкін болмаған жағдайда осы баптың 1-тармағында көрсетілген әдістердің бірі қолданылады, ол жасалатын мәміленің нақты мән-жайлары мен шарттары ескеріле отырып, мәміле бағасының нарықтық бағаларға сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы неғұрлым негізделген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

3. Тиісті әдісті таңдау негізделген болуға тиіс, мұнда мәмілеге қатысушы мынадай мән-жайларды:

1) пайдаланылатын активтер мен болжанатын тәуекелдерді ескере отырып, жасалатын операцияда әрбір қатысушы орындайтын функцияларды талдау жолымен айқындалатын, жасалатын мәміленің сипаты ескерілетін әдісті таңдауды;

2) трансферттік баға белгілеудің таңдалған әдісін қолдануға қажетті анық ақпараттың болуын;

3) салыстырымдылыққа келтіру үшін түзетулердің сенімділігін қоса алғанда, бақыланатын және бақылан байтын операциялардың салыстырымдылық дәрежесін ескереді.

 

2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13-бап. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі салыстырымды экономикалық шарттарда тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) арналған мәміле бағасын бірдей (ал олар болмаған жағдайда - біртекті) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша бағалар ауқымы ескеріле отырып, нарықтық бағамен салыстыру жолымен қолданылады.

Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) нарықтық бағасын айқындау кезінде осы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізетін кездегі тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары туралы ақпарат ескеріледі.

Егер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу келісімшартының талаптарында белгіленім кезеңін қолдану көзделген жағдайда, биржалық тауарлардың, сондай-ақ бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлардың бағасы дифференциал ескеріле отырып, белгіленім кезеңіндегі тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) күнделікті белгіленімдердің кез келген бір ақпарат көзінде жарияланған орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалады.

Белгіленім кезеңіндегі баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні мынадай формула бойынша айқындалады:

 

 

 

мұнда:

S - белгіленім кезеңіндегі тиісті тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) күнделікті орташа арифметикалық баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні;

P1, P2, …, Pn - белгіленім кезеңі ішінде баға белгіленімдері жарияланған күндерде тиісті тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) күнделікті баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні;

n - баға белгіленімдері жарияланған белгіленім кезеңіндегі күндердің саны.

Белгіленім кезеңіндегі тиісті тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) күнделікті баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні мынадай формула бойынша айқындалады:

 

 

 

мұнда:

Pn - тиісті тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) күнделікті баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні;

Cn1 - тиісті тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) күнделікті баға белгіленімінің ең төменгі (min) мәні;

Cn2 - тиісті тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) күнделікті баға белгіленімінің ең жоғарғы (max) мәні.

Бір күнге ең төменгі және ең жоғарғы баға белгіленімдері болмаған кезде орташа арифметикалық мән ретінде тиісті күндегі белгіленімнің нақты мәні қолданылады.

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Заңның мақсаттары үшін шарт шеңберінде тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) құжаттамалық расталған әрбір берілімі мәміле болып танылады, ал өткізу бағасын нарықтық бағамен салыстыру сатып алушының тіркелген еліне қарамастан тиісті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығында ғана жүзеге асырылады.

Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, сатып алушыға меншік құқығының ауысқан күні тауардың өткізілген кезі болып табылады.

Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу келісімшартында белгіленген белгіленім кезеңі ол белгіленген күннен бастап он екі айлық кезең ішінде өзгертуге жатпайды.

Осы Заңның мақсаттары үшін белгіленім кезеңі келісімшарт талаптарына сәйкес мынадай уақыт аралығында айқындалуға тиіс:

мұнай бойынша:

1) тауарды теңіз көлігімен өткізген кезде тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін бес белгіленім күнінен аспауға және тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін бес белгіленім күнінен аспауға;

2) тауарды теңіз көлігімен өткізуді қоспағанда, магистральдық құбыржол көлігімен және көліктің өзге түрімен өткізу кезінде тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан айдың бірінші күнінен бастап соңғы күніне дейін;

мұнайды қоспағанда, биржалық тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша - тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін күнтізбелік алпыс екі күннен аспауға және тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін күнтізбелік алпыс екі күннен аспауға;

бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлар бойынша - тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін күнтізбелік алпыс екі күннен аспауға және тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін күнтізбелік бір жүз жиырма үш күннен аспауға тиіс.

Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу келісімшартында белгіленген белгіленім кезеңі осы бапта белгіленген белгіленім кезеңін айқындау шарттарына сәйкес келмеген жағдайда тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нарықтық бағалары осы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу кезінде қабылданады.

Ұзақ мерзімдік бағасы көрсетілген биржалық емес тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) ұзақ мерзімдік келісімшарттар бойынша нарықтық бағаны айқындау үшін тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу кезі, мына шарттар бір мезгілде сақталған жағдайда, шарттың жасалған кезі болып табылады:

1) шарт бойынша мәмілелердің жасалуы шарт жасалған күннен бастап бір ай ішінде басталады;

2) нарықтық баға ұзақ мерзімдік келісімшарттар үшін осы Заңға сәйкес шарт жасалатын күннің алдындағы соңғы күнге белгіленген, ресми түрде танылған ақпарат көздерінен айқындалады;

2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) ұзақ мерзімдік баға бір жылдан артық қолданылмайды және өзара қарым-қатынастары осы Заңның 11-бабы екінші бөлігінің 16) - 20) тармақшаларында көзделген шарттарды да қамтитын мәмілеге қатысушылар арасындағы түпкі келісімшартпен немесе Қазақстан Республикасының резиденті-мәмілеге қатысушымен үлестес трейдер және тәуелсіз тарап болып табылатын түпкі тұтынушы арасындағы кейінгі келісімшартпен расталады. Уəкілетті органның сұратуы бойынша ұсынылған құжаттар келісімшарттың орындалуының дәлелдемесі болып табылады.

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі сыртқы немесе ішкі салыстыру жолымен нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылады. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісін сыртқы салыстыру жолымен қолдану мүмкін болмаған кезде салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі ішкі салыстыру жолымен қолданылады. Бұл ретте, сыртқы салыстыру кезінде мəмілеге қатысушының салыстырымды мəмілелері тəуелсіз екі жəне одан да көп тарап арасындағы салыстырымды мəмілелермен салыстырылады. Ішкі салыстыру кезінде мәмілеге қатысушы мен өзара байланысты тарап арасындағы және сол мәмілеге қатысушы мен тәуелсіз тарап арасындағы салыстырымды мәмілелер салыстырылады.

4. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісін қолданған кезде нарықтық баға былайша айқындалады:

1) ақпарат көзінде бағасы бар тиісті рынокқа тасымалдау бағыты туралы құжаттамалық расталған ақпараты бар тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) мәмілелер жасасу үшін нарықтық баға бағалар ауқымы ескеріле отырып, ақпарат көзінен алынған баға ретінде айқындалады. Мәміленің бағасы дифференциал арқылы нарықтық бағасы бар салыстырымды экономикалық шарттарға келтіріледі;

2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес келмейтін тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) мәмілелер жасасу үшін нарықтық баға тиісті рыноктағы ақпарат көзінен алынған бағаны дифференциал арқылы бағалар ауқымы ескеріле отырып, мәміле бағасы бар салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру жолымен айқындалады.

5. Дифференциалға:

1) тиісті рынокқа тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізу үшін қажетті, негізделген әрі құжаттамамен және (немесе) ақпарат көздерімен расталған шығыстар;

2) осы баптың 7-тармағында көрсетілген мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін жағдайлар;

3) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасы кіреді.

6. Дифференциалды құрайтындар құжаттамамен немесе ақпарат көздерімен расталуға тиіс.

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін жағдайларға:

1) берілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны (көлемі);

2) мәмілелердің осы түрінде қолданылатын төлемдердің шарттары, сондай-ақ бағаларға ықпал етуі мүмкін өзге де жағдайлар;

3) мәмілелер жасасу кезінде қолданылатын, оның ішінде:

тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тұтынушы сұранысының маусымдық ауытқулары;

тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасының немесе өзге де тұтынушылық қасиеттерінің жоғалуы;

тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жоғалған сапасының және (немесе) өзге де тұтынушылық қасиеттерінің ішінара жақсаруы немесе қалпына келтірілуі;

тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарамдылық немесе өткізу мерзімдерінің өтуі (өту күнінің жақындауы);

ұқсастары жоқ жаңа тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) нарыққа шығарған кездегі, сондай-ақ тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жаңа нарықтарға шығарған кездегі маркетинг саясаты;

тұтынушыларды тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тәжірибелік модельдерімен және үлгілерімен таныстыру мақсатында оларды өткізу нәтижесінде туындайтын баға жеңілдіктері немесе баға үстемелері;

4) рыноктағы өтімділігі, шығарған елі және тауар белгісінің болуы;

5) маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақысы жатқызылуы мүмкін.

8. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген дифференциал бойынша мәмілеге қатысушының мынадай мәмілелер мониторингі бойынша тиісті есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне:

1) тексерілетін салық кезеңіне - трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша кешенді және тақырыптық тексерулер өткізу кезеңінде;

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) шағым жасалған салық кезеңіне - салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) шағым берудің қалпына келтірілген мерзімі ескеріле отырып, хабарлама бойынша шағымды қарау нәтижелері жөніндегі жоғары тұрған мемлекеттік кіріс органы шығарған шешімге шағымды беру және қарау мерзімі кезеңінде жол берілмейді.

 

2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14-бап. «Шығындарға қосу» әдісі

1. «Шығындарға қосу» әдісін пайдаланған кезде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нарықтық бағасы жұмсалған шығындар (шығыстар) мен үстеме бағаның сомасы ретінде айқындалады.

2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Шығындарды (шығыстарды) айқындау үшін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге (сатып алуға) және (немесе) өткізуге жұмсалған шығындар (шығыстар), тасымалдау, сақтау, сақтандыру жөніндегі шығындар (шығыстар) және өзге де шығындар (шығыстар) ескеріледі.

Үстеме баға осы Заңның 17-1 және 17-2-баптарына сәйкес айқындалатын, қызметтің осы саласы үшін қалыптасқан рентабельділік ауқымын қамтамасыз ететіндей болып айқындалады.

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Қызметтің осы саласы үшін рентабельділік ауқымы салыстырымды экономикалық шарттарда осы Заңның 18-бабында көрсетілген ақпарат көздерінің негізінде айқындалады.

 

2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15-бап. Кейіннен өткізу бағасы әдісі

Кейіннен өткізу бағасының әдісі кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нарықтық бағасы сатып алушы кейіннен өткізу (қайта сату) кезінде осындай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізген бағаның және сатып алушы қайта сату кезінде шеккен, расталатын (аталған сатып алушының сатушыдан тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алған бағасы есепке алынбаған) шығындардың (шығыстардың), сондай-ақ оның рентабельділігінің (маржасының) арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады. Бұл ретте рентабельділік (маржа) осы Заңның 17-1 және 17-2-баптарына сәйкес айқындалатын рентабельділік (маржа) ауқымына сәйкес келуге тиіс.

 

16-бап. Пайданы бөлу әдісі

Пайданы бөлу әдісі мәмілеге қатысушылардың арасында бөлінуге тиіс мәміледен түсетін пайданы айқындайды.

Мұндай пайда «қол созу» принципіне сәйкес қабылданған және егер осы компаниялар тәуелсіз болған жағдайда, олар ала алатын пайданың негізінде экономикалық негіздемеге, функционалдық талдауға, келісімдерге сәйкес мәмілеге қатысушылардың арасында бөлінеді.

 

2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-бап. Таза пайда әдісі

1. Таза пайда әдісі мәмілеге қатысушының рентабельділігін салыстырымды экономикалық шарттардағы рентабельділік ауқымымен салыстыру арқылы қолданылады.

2. Таза пайда әдісін қолдану кезінде рентабельділіктің мынадай көрсеткіштері пайдаланылуы мүмкін:

шығындардың операциялық рентабельділігі;

сатудың операциялық рентабельділігі;

активтердің операциялық рентабельділігі.

Бұл ретте рентабельділік осы Заңның 17-1 және 17-2-баптарына сәйкес айқындалады.

 

2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

17-1-бап. Бағалар ауқымы мен рентабельділік (маржа) ауқымын айқындау тәртібі

1. Егер осы Заңның 13-бабында өзгеше көзделмесе, осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген әдістерді қолдану мақсатында бағалар ауқымы және (немесе) рентабельділік (маржа) ауқымы пайдаланылады, олар мынадай тәртіппен айқындалады: