Трансферттік баға белгілеу туралы 2008 жылғы 5 шілдедегі № 67-ІV Қазақстан Республикасының Заңы (2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

1) көрсетілген әдістерді қолдану үшін пайдаланылатын нарықтық бағалар мәндерінің және (немесе) нарықтық рентабельділік (маржа) мәндерінің саны бір мәнге тең болған жағдайда, ауқым нарықтық бағаның немесе рентабельділіктің (маржаның) осындай мәніне тең ретінде айқындалады;

2) көрсетілген әдістерді қолдану үшін пайдаланылатын нарықтық бағалар мәндерінің және (немесе) нарықтық рентабельділік (маржа) мәндерінің саны үш мәннен аспаған жағдайда, ауқым осындай нарықтық бағалардың және (немесе) нарықтық рентабельділіктің (маржаның) қоса алғанда ең төменгі мәнінен бастап ең жоғарғы мәніне дейінгі ауқым ретінде айқындалады.

Осы тармақшаның мақсаттары үшін ақпарат көзінде сызық арқылы екі мән түрінде көрсетілген бағалар ауқымы үш мәннен аспайтын ауқым ретінде де қабылданады;

3) көрсетілген әдістерді қолдану үшін пайдаланылатын нарықтық бағалар мәндерінің және (немесе) нарықтық рентабельділік (маржа) мәндерінің саны төртке немесе одан да көп мәндер санына тең болған жағдайда, ауқым нарықтық бағалардың немесе рентабельділіктің (маржаның) пайдаланылатын мәндері негізінде есептелген, қоса алғанда жиырма бесінші және жетпіс бесінші процентильдер арасындағы ауқым ретінде айқындалады.

2. Бағалар ауқымын есептеу үшін бір ғана ақпарат көзіне сәйкес және соны пайдаланып айқындалған нарықтық бағалардың мәндері пайдаланылады.

3. Рентабельділік (маржа) ауқымын есептеу үшін талдау жүргізілетін мәміле жасалған күнтізбелік жылдың тікелей алдындағы қатарынан күнтізбелік үш жылғы қаржылық деректер пайдаланылады.

 

2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 17-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

17-2-бап. Рентабельділікті айқындау тәртібі

1. Шығындардың жалпы рентабельділігі тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен жалпы пайданың сатылған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнына қатынасы ретінде айқындалады.

2. Сатудың жалпы рентабельділігі акциздер мен қосылған құн салығы есепке алынбай, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен жалпы пайданың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен түсімге қатынасы ретінде айқындалады.

3. Шығындардың операциялық рентабельділігі тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен операциялық пайда сомасының сатылған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнының және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуға байланысты коммерциялық және әкімшілік шығыстардың сомасына қатынасы ретінде айқындалады.

4. Сатудың операциялық рентабельділігі акциздер мен қосылған құн салығы есепке алынбай, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен операциялық пайда сомасының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен түсімге қатынасы ретінде айқындалады.

5. Активтердің операциялық рентабельділігі тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен операциялық пайда сомасының пайдаланылатын активтердің ағымдағы нарықтық құнына немесе пайдаланылатын активтердің ағымдағы нарықтық құны туралы ақпарат болмағанда - бухгалтерлік (қаржылық) есептілік деректеріне сәйкес активтердің құнына қатынасы ретінде айқындалады.

 

2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18-бап. Нарықтық бағаны айқындау үшін пайдаланылатын ақпарат көздері

1. Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) нарықтық бағасын және нарықтық бағаны айқындау әдістерін қолдану үшін қажетті өзге де деректерді айқындау үшін ақпарат көздері мынадай кезектілікпен пайдаланылады:

1) нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздері;

2) биржалық баға белгіленімдері туралы ақпарат көздері;

3) мемлекеттік органдардың, басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының және ұйымдардың мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуына ықпал ететін бағалар, дифференциал, шығыстар және жағдайлар туралы деректері;

4) трансферттік баға белгілеу мақсатында пайдаланылатын ақпараттық бағдарламалар, мәмілеге қатысушылар беретін ақпарат және өзге де ақпарат көздері.

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Нарықтық бағалар ауқымын айқындау үшін ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесінде нарықтық бағалар туралы бір немесе одан да көп ақпарат көздері болуға тиіс.

3. Қатысушысы жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген мәміле бойынша нарықтық бағаны айқындау кезінде осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған ақпарат көздері ғана пайдаланылады.

 

19-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. «Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы» 2001 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 2-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2008 жылғы шілденің 5-і.

№ 67-ІV ҚРЗ