(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2006.27.10. № 225 ҚАУЛЫСЫ

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге
асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы № 225 Қаулысы

(2007.28.05. берілген толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 26 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:

1. Қоса берілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

2. Агенттік Басқармасының»Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 408 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3991 тіркелген).

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Сәйкес рейтингтік бағасы бар зейнетақы активтерінің есебінен қаржы құралдарына, оның ішінде тиісінше рейтингі бар эмитент акцияларына инвестициялардың нақты көлемі мыналарды құрауы керек:

1) 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша - қордың зейнетақы активтерінің отыз пайызынан кем емес;

2) 2007 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша - қордың зейнетақы активтерінің қырық пайызынан кем емес;

3) 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша - қордың зейнетақы активтерінің елу пайызынан кем емес;

4) 2008 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша - қордың зейнетақы активтерінің жетпіс пайызынан кем емес.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.