Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайларда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мыналар наградталсын:
І дәрежелі «Айбын» орденімен:
КОВЯЗИН Александр Леонидович | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 65229 әскери бөлімінің штаб бастығы - бөлімнің авиациялық эскадрильясы командирінің орынбасары (марқұм) |
ҚҰМАРОВ Нұрлан Қожанұлы | - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі департаментінің аға офицері (марқұм) |
ТӨРЕМАНОВ Қазбек Сұлтанбекұлы | - Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары (марқұм); |
II дәрежелі «Айбын» орденімен:
ӘБДІҚАДЫРОВ Нұрлан Алпысұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 28079 әскери бөлімі командирінің орынбасары - бөлімнің инженерлік-саперлік жасағының командирі |
БАЛТАБАЕВ Кәрімберді Рысбайұлы | - Оңтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары |
ДІЛМҰХАМЕДОВ Виталий Эмилұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 65229 әскери бөлімі авиациялық эскадрильясының командирі |
РАЙЫМБЕКОВ Асхат Ахметұлы | - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ақпараттандыру және байланыс бас басқармасының аға офицері; |