«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы Ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 26 мамырдағы № 82 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы Ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының
2008 жылғы 26 мамырдағы № 82 Қаулысы

 

ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 240 Қаулысымен күші жойылды

 

Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы Ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 217 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4446 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 17 қарашадағы № 201 (1007) санында жарияланған) Агенттік Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы № 78 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4666 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы ережесінде:

2-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) ерікті, ерікті кәсіби жарналар есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударған жағдайда - қабылдаушы қормен жасалған ерікті, ерікті кәсіби жарналар туралы шарттың көшірмесін;»;

мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.