Әр атаудың өз сыры бар...( Жупар ӘБДІКЕЕВА, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының ізденушісі)

Әр атаудың өз сыры бар...

 

Жупар ӘБДІКЕЕВА,

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

қазақ әдебиеті кафедрасының ізденушісі

 

Жер бетінен атауы жоқ белгі-бедер таба алмайтынымыз ақиқат. Байтақ даланы жыл маусымдарының жағдайына орай күнкөріс көзі ете білген көшпелілер әлемі үшін географиялық атаулардың мәні айрықша болған. Шығыс зерттеушісі, әйгілі ғалым, академик В.В. Бартольд: «Орта Азияда, оның ішінде түркі халықтарының арасында жер-су ата-улы өзінің қарапайымдылығымен, айқын да түсініктілігімен, мейлінше ұғымталдығымен және тарихи деректілігімен таң қалдырады» [1,73], -десе, 1828 жылдары қазақ елінің Жиделі Байсын өлкесіне саяхат шеккен орыс офицері Майендорф «Орынбордан Бұқараға саяхат» атты жолжазба еңбегінде: «қазақ елі жерінің, суының, тауларының, орман-тоғайының аттары әр маңның табиғи көріністері мен қадір қасиеттеріне дәлме-дәл келеді, қазақ халқы жер-суға ат қоюға келгенде аса білгір, өте тапқыр, топырақтың түріне, таудың, орманның, көлдің, өзеннің ішкі қасиеттеріне, сыртқы көріністеріне қарай дөп басып, бірімен-бірі ешуақытта алмастырмайтындай лайықты ат тауып қоюға шебер», -деген пікірі жер-су атауларының тарихи атауына мән беріліп жатқан қазіргі кезде нысанада ұстайтын негізгі қағида.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.