«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі № 919 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 шілдедегі № 728 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі № 919 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 шілдедегі № 728 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын Ресей мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығында Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерін даярлауға байланысты шығыс нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі № 919 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 34, 473-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын Ресей мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығында Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерін даярлауға байланысты шығыс нормаларында:

1-тармақтағы «900» деген сандар «1500» деген сандармен ауыстырылсын;

2-тармақтағы «1500» деген сандар «2000» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.