2008 жылға арналған Павлодар қаласының бюджеті туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 55/3 шешімі
(2008.04.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 2 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 85 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Павлодар қалалық мәслихатының 2008.05.03. № 95/4 (2008 жылдың 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.04.04. № 117/5 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді
1. Павлодар қаласының 2008 жылға арналған бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 22605683000 (жиырма екі милиард алты жүз бес миллион алты жүз сексен үш мың) теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 18191863000 (он сегіз миллиард жүз тоқсан бір миллион сегіз жүз алпыс үш мың) теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 63483000 (алпыс үш миллион төрт жүз сексен үш мың) теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 2303701000 (екі миллиард үш жүз үш миллион жеті жүз бір мың) теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 2046636000 (екі миллиард қырық алты миллион алты жүз отыз алты мың) теңге;
2) шығындар - 22944628000 (жиырма екі миллиард тоғыз жүз қырық төрт миллион алты жүз жиырма сегіз мың) теңге;
3) операциялық сальдо - 338 945 000 (үш жүз отыз сегіз миллион тоғыз жүз қырық бес мың) теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу нөльге тең;
5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 62 208 000 (алпыс екі миллион екі жүз сегіз мың) теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 72 208 000 (жетпіс екі миллион екі жүз сегіз мың) теңге;
қаржы активтерін сатып алудан түсетін түсімдер - 10000000 (он миллион) теңге;
6) бюджет тапшылығы - 401 153 000 (төрт жүз бір миллион жүз елу үш мың) теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 401 153 000 (төрт жүз бір миллион жүз елу үш мың) теңге, соның ішінде: