(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2007.12.12 № 32 ШЕШІМІ

Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешімі

(2008.11.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 11 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«2008 жылға арналған республикалык бюджеті туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 8-ІV Заңын орындау үшін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

Қостанай облысы мәслихатының 2008.11.01. № 3587 (бұр.ред.қара); 2008.11.04. № 86 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 59888238,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 2492338,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 25863,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері - 57370037,8 мың теңге;

2) шығындар - 60177119,1 мың теңге;

3) операциялық сальдо - -288880,3 мың теңге;

4) таза бюджеттік кредиттеу - 436000,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 636000,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 200000,0 мың теңге;

5) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 69800,0 мың теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу - 69800,0 мың теңге.

6) бюджет тапшылығы (профицит) - -794680,3 мың теңге;

7) тапшылықты қаржыландыру (бюджет профицитін пайдалану) - 794680,3 мың теңге.

2. Облыстық бюджеттің кірісіне есептелетіндер белгіленсін:

қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем төлеу;

облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттік автокөлік жолдарымен жүрген үшін жиындар;

облыстық маңызы бар жалпы пайдалануға арналған автокөлік жолдарының бұру жолағындағы сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін төлем;

жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем;

орманды пайдаланғаны үшін төлем;

жергілікті маңызы бар айрықша қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем;

коммуналдық меншіктен түсетін кірістер;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.