Біржолғы талондардың құны туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2008 жылғы 12 тамыздағы № 9/4 шешімі
(2009.24.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Өскемен қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 13/8-V шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 373-бабына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қаласының базарларында тауарларды өткізу құқығына біржолғы талондардың құны базарлардың қимасында белгіленсін (1 қосымша).
2. Өскемен қаласы бойынша ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны белгіленсін (2 қосымша).
3. Өскемен қалалық мәслихатының «Біржолғы талондардың құны туралы» 2008 жылғы 8 ақпандағы № 5/4 (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-79 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 4 наурыздағы «Дидар» газетінде және 2008 жылғы 6 наурыздағы «Рудный Алтай» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | В. Головатюк |
| Қалалық мәслихаттың хатшысы | Е. Нәбиев |