«Қазақстан Республикасында ювенальды әділет жүйесін дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Рсспубликасы Президентінің 2008 жылғы 19 тамыздағы № 646 Жарлығына түсініктеме

Қазақстан Республикасында ювенальды әділет жүйесін дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 19 тамыздағы № 646 Жарлығына
түсініктеме

 

Мемлекет басшысы өз Жарлығымен Қазақстан Республикасында ювенальды әділет жүйесін дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын мақұлдады.

Ювенальды әділет жүйесін дамыту мемлекеттің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Тұжырымдаманы қабылдаудың өзектілігі кылмыстық сот төрелігі жүйесінде жасөспірімдермен жұмыстың әдістерін өзгертудің, қылмыстық және азаматтық процесс шеңберінде тәжірибеде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін көптеп сақтаудың қажеттігінен туындап отыр.

Тұжырымдамада Қазақстанда кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде оның тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретін ювенальды әділет элементтерін кезең-кезеңмен енгізу және дамыту көзделген. Бұл әділет, ішкі істер, білім беру және ғылым органдарында, соттарда, прокуратуралар мен адвокатурада кәмелетке толмағандармен жұмыс бойынша мамандандырылған бөлімшелер құруды қамтиды.

Бұл орайда, ювенальды әділет жүйесінің маңызды буыны құқық қорғау органдарындағы, кәмелетке толмағандардың қараусыз қалуы мен құқық бұзушылықтарының алдын алу жүйелері мекемелеріндегі, адвокатура және құқық қорғау ұйымдарындағы мамандандырылған құрылымдармен өзара тығыз әрекет ететін мамандандырылған (ювенальды) сот болуы тиіс, бұл әрі жеткіншек сот ісін жүргізу шеңберіне түспес бұрын да, сондай-ақ үкім шығарылғаннан кейін де жүруі керек.

Кәмелетке толмағандар үшін сот төрелігінің мақсаты - баланы қоғамнан айыру емес, оның жеке басының одан әрі қылмыс кұрығында болуына жол берместен әлеуметтік оңалуына жәрдемдесу.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.