«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 340 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 29 шілдедегі № 455 Бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № 224 Бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 340 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 20 маусымда № 5243 тіркелген, 2008 жылғы 11 шілде № 104 «Заң газетінде» жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесінің 2-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін 2008 жылғы 23 маусымнан бастап 30 қыркүйекке дейін;»;
8-тармақта «енгізіледі» деген сөзден кейін «және 2008 жылғы 23 маусымнан бастап туындаған әрекетке таратылады» деген сөздермен толықтырылсын;