«Оңалтуды басқарушының есебін келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 373 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 399 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 197 бұйрығымен күші жойылды
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Оңалтуды басқарушының есебін келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 373 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 5 қарашасында № 4980 болып тіркелген), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Оңалтуды басқарушының қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) оңалтуды басқарушының қорытынды есебінің нысаны;
2) оңалтуды басқарушының қорытынды есебін келісу ережесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оңалтуды басқарушының есебін келісу ережесіне:
атауында «Оңалтуды басқарушының» деген сөздерден кейін «қорытынды» деген сөзбен толықтырылсын;
«Оңалтуды басқарушының» деген сөздерден кейін «қорытынды» деген сөзбен толықтырылсын;
«(бұдан әрі - уәкілетті орган)» деген сөздер «(бұдан әрі - Комитет), оның аумақтық бөлімшелерінің және олардың филиалдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«басқарушының» деген сөзден кейін «қорытынды» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақта «осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан» деген сөздер «бекітілген нысан» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 10) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«санацияға қатысушының ақша қаражатының түсуін, осы қаражаттың оңалту жоспарына сәйкес жұмсалуын растайтын төлем құжаттарының көшірмелері.»;