Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің
қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы
нұсқаулықты бекіту жөнінде
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 25 шілдедегі № 241 қаулысы
(2007.20.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 21 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына көшуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық есебінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2002 жылғы 3 маусымдағы № 209 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1915 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» басылымдарында 2002 жылғы 15-28 шілдеде жарияланған) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру және қайта сақтандыру қызметі жөніндегі есептерінің нысандары мен ұсыну мерзімі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2002 жылғы 16 ақпандағы № 46 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1808 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» басылымдарында 2002 жылғы 25 наурыз - 7 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.