«Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу
Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 28 тамыздағы № 04.2-09/207 Бұйрығы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 Қаулысымен күші жойылды
Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 166 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі туралы ереженің 17-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5223 тіркелген, 2008 жылғы 6 маусымдағы № 85 (1485) «Юридическая газета» және 2008 жылғы 6 маусымдағы № 85 (1311) «Заң газетінде» жарияланған) келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: