Үгіттеу баспа басылым материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласының әкімдігінің және Қостанай облысы Қостанай қалалық сайлау комиссиясының 2008 жылғы 18 тамыздағы № 2/1 бірлескен қаулысы
Қостанай облысы Қостанай қаласының әкімдігінің 2011 жылғы 1 ақпандағы № 129 қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 28-бабының 6-тармағына сәйкес Қостанай қаласы әкімдігі және Қостанай қалалық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутат болуға үміткерлері үшін үгіттеу баспа басылым материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
1) Таран көшесі «Қостанай» кинотеатры» аялдамасының жанында;
2) Гоголь көшесі «Бородинский» дүкені ғимаратының жанында;
3) Баймағамбетов көшесі «Драмтеатр» аялдамасы жанында;
4) Әл-Фараби даңғылы «Колос» дүкені ғимаратының жанында;
5) қоғамдық көлік үшін павильондардың жанында орналасқан стенд, тумбалар және щиттер;