Маңғыстау облысы бойынша коммуналдық меншіктегі мемлекеттік тұрғын-жайға жатпайтын қордағы орын-жайларды мүліктік жалдауға беру төлемдерін есептеу Ережесін бекіту туралы
Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 29 cәуірдегі № 93 қаулысы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылдың 28 наурыздағы № 231 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 «Жекешелендіру туралы» заң күші бар Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 шілдедегі № 1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік мүлік пен жекешелендіруді басқару Тұжырымдамасына сәйкес, облыс әкімияты қаулы етеді:
1. Маңғыстау облысы бойынша коммуналдық меншіктегі мемлекеттік тұрғын-жайға жатпайтын қордағы орын-жайларды мүліктік жалдауға беру төлемдерін есептеу Ережесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. «Маңғыстау облысы бойынша коммуналдық меншіктегі мемлекеттік тұрғын-жайға жатпайтын қордағы орын-жайларды мүліктік жалдауға беру төлемдерін есептеудің тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 7 ақпанындағы № 12 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.М.Бортникке жүктелсін.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы
әкімиятының
29 cәуірдегі 2002 жылғы
№ 93 шешіміне қосымша
Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіндегi
мемлекеттік тұрғын-жайға жатпайтын орын-жайларды мүліктік жалға беру төлемдерін
есептеу туралы
ЕРЕЖЕ