«Ақпараттық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 18 тамыздағы № 1166 Жарлығы
(2005.16.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 19 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына сәйкес және елде ақпараттық технологиялардың жаңа экспортқа бағдарланған және импорт алмастырушы саласын құру мен Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетiн неғұрлым толық пайдалану мақсатында қаулы етемін:
1. 2013 жылғы 1 қазанға дейiнгi кезеңге «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi - AЭA) құрылсын.
2. Қoca берiлiп отырған АЭА туралы ереже бекітілсiн.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі АЭА қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
5. Осы Жарлық 2003 жылғы 1 қазаннан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының