«Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 Қаулысы (2009.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

 

ЭҮ тиімділігін бағалау

 

ЭҮ тиімділігін бағалау индикаторларға және ЭҮ көрсеткіштеріне басқа да осындай бағдарламаларымен жалпы немесе жеке көрсеткіштерімен салыстырмалы талдау өткізуді білдіреді. ЭҮ бағдарламасы тиімділігінің негізін анықтайтын, қолда бар автоматтандырылған мемлекеттік қызметтердің сапалық деңгейін анықтайтын, үш негізгі өлшемдері:

берілген ақпараттар мен сервистерге пайдаланушылармен талап етушілік;

пайдаланушылар үшін ақпараттарға қол жеткізілімділік деңгейі;

электрондық түрде қызметтер беруге мемлекеттік органдардың даярлық деңгейі ерекшелейді.

Бұл ретте ЭҮ қызметтерін іске асыруға даярлығын бағалау талдаудың бес өлшемдерінен:

АКТ инфрақұрылымы;

АКТ-ға мемлекеттік органдарының қол жеткізуі;

АКТ-ға халық пен бизнестің қол жеткізуі;

адамзат капиталы (білім деңгейі, АКТ пайдалану дағдылары, Интернет пен ЭҮ қызметтерін пайдалануды дәлелдеу);

нормативтік құқықтық база жинақталуы тиіс.

Азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы орталық деңгейдегі сияқты және жергілікті атқару органдарында да жүзеге асырылатынын ескере отырып, Бағдарлама шеңберінде орталық сияқты және жергілікті деңгейде де ЭҮ енгізілу тиімділігі мен өнімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және жетілдіру жоспарлануда.

Бағдарлама шеңберінде сандық сияқты және дәл солай сапалық индикаторды қосатын ЭҮ көрсеткіштерін бағалау және мониторинг жүйесі әзірленетін және енгізілетін болады. Осы жүйе ЭҮ Бағдарламасын іске асырудың мониторингі мен бақылауы бойынша біртұтас, объективті және тиімді тетігін қамтамасыз етеді.

 

6. Қажетті ресурстар мен каржыландыру көздері

 

ҚР Үкіметінің 2009.31.03 № 452 Қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)

Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет, сондай-ақ бюджеттен тыс көздер қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.

Жоспарланған іс-шаралар бойынша сараптамалық бағалау және іске асырылатын ақпараттық жүйелер бойынша есептер негізінде мемлекеттік секторда қаржы ресурстарының жалпы көлемі:

2008 жылға арналған республикалық бюджет қаражатынан 22952853 теңгені, оның ішінде Республикалық Бюджеттік Комиссиясымен 2008 жылға  13053606  теңгені, 2009 жылға 7822020 теңгені, 2010 жылға 2077227 теңгені құрайды.

Тиісті бюджеттен қаржыландыру көлемінің өзгеру бөлігінде Бағдарламаға түзетулер енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Бағдарламаның іс-шаралар жоспарымен қарастырылған, бірақ алдын ала талдауды талап ететін 2009 және 2010 жылдарға арналған нақты жобаларды қаржыландыру көлемі белгіленген бюджеттік заңнамалық тәртіпте бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелермен анықталатын болады.

 

 

7. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер мен индикаторлары

 

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мынадай нәтижелер күтіледі:

мемлекеттік ресурстарды басқарудың тиімділігін 20 % дейін арттыру;

автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде болады:

мемлекеттік ресурстарды басқару үдерістерінің мөлдірлігін арттыру және автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді 30 % дейін көрсету;

шағымдар санын 90 % дейін қысқарту;

қызметтер көрсету нәтижесінің күту уақытын 50 % дейін қысқарту;

әлеуметтік-маңызды электрондық қызметтер 14 санат бойынша, аса талап етілетін бизнес үшін - 8 санат бойынша, мемлекеттік ресурстарды басқарудың тиімділігіне жету үшін - 4 санат бойынша көрсетілетін болады;

электрондық мемлекеттік қызметтерді құрған кезде жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқығы мен еркіндігін қорғау үшін қазіргі құқықтық база қамтамасыз етілетін болады;

МО ақпараттандыруға бөлінген бюджеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігі 30 % дейін артатын болады;

Қазақстан Республикасының барлық қалаларын, сондай-ақ аудан орталықтарын қамтитын «электрондық үкімет» инфрақұрылымы кеңейтілетін болады, 2008 жылдың аяғына қарай нүктелердің жалпы саны кемінде 200-дей болады;

ресурстарды басқарудың мемлекеттік автоматтандырылған жүйесі пилоттық аймаққа енгізілетін болады;

Қазақстан Республикасы ұлттық сәйкестендіру жүйесінің ашық кілттер инфрақұрылымы құрылатын болады;

2008 жылы «электрондық үкімет» төлем шлюзі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілетін болады, 2010 жылы транзакциялық қызметтердің саны автоматтандырылған интерактивтік қызметтердің санынан 70% - дейін жеткізілетін болады.

 

ҚР Үкіметінің 2009.31.12 № 2321 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының

«электрондық үкімет»

дамытудың 2008-2010 жылдарға

арналған бағдарламасына

қосымша

 

 

3) G4B мемлекеттік қызметтерінің базалық санаттары

4) G4G ресурстарды басқарудың мемлекеттік функцияларының

(қызметтерінің) базалық санаттары

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.24.09. № 883 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.22.10. № 979 (бұр.ред.қара) ; 2009.31.03 № 452 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2009.31.12 № 2321 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-бөлім өзгертілді

8. Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» дамытудың

2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру

жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Ескертпе: 2008-2010 жылдарға республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша көрсетілген шығындар Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес тиісті қаржы жылы үшін анықталатын болады.

*2008 жыл үшін республикалық бюджет анықталған жағдайда

** тиісті қаржылық жыл үшін республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру кезінде

*** Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес тиісті қаржы жылы үшін бекітілгенде

Аббревиатуралардың толықтай жазылуы

ПМК - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті

Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

ҚРҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны

қорғау министрлігі

СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік

жоспарлау министрлігі

БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі