2008 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының
сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 136/273 қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында 2008 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына халықаралық ұйымның байқаушылары қоса беріліп отырған қосымшаға сай аккредиттелсін.