2008 жылға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы
Оңтүстік Қазақстан Облысы Шымкент қалалық мәслихатының 25 желтоқсандағы 2007 жылғы № 5/39-4с шешімі
(2008.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 11 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 3/14-IV «2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
ОҚО Шымкент қалалық мәслихатының 2008.17.01. № 6/57-4с (бұр.ред.қара); 2008.24.04. № 9/99-4с (бұр.ред.қара); 2008.30.06. № 10/106-4с (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді
1. 2008 жылға арналған қала бюджеті 1- қосымшаға сәйкес келесідей көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 38 063 070мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 11 662 858 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 42 000 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14 145 027 мың теңге;
ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 12 213 185 мың теңге;
2) шығындар - 31 203 151 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 6 859 919 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттер беру - -14 700 мың теңге, оның ішінде бюджеттік кредиттерді өтеу - 14 700 мың теңге.
5) қаржы активтерімен операция жасаудағы сальдо - 2 281 059 мың теңге;
6 )бюджеттің профициті - 4 593 560 мың теңге;
7) бюджет профицитін пайдалану - -4 593 560 мың теңге;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 5 342 326 мың теңге.
2. 2008 жылда жоғарыда көрсетілген облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген қала бюджетінің салық түсімдер көлемі жеке табыс салығы және әлеуметтік салық 20 пайыз болып қабылдансын.
ОҚО Шымкент қалалық мәслихатының 2008.17.01. № 6/57-4с (бұр.ред.қара); 2008.24.04. № 9/99-4с (бұр.ред.қара) шешімдерімен 3-тармақ өзгертілді
3. Қала әкімдігінің 2008 жылға арналған резерві 84 301 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде: