Бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын
ұйымдардың тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну
мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 178 қаулысы
(2007.19.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 30 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.