(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2004.15.12. № 177 ҚАУЛЫСЫ

«Бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын
ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну
мерзімдері туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 177 қаулысы

 

Осы редакция 2007 жылғы 30 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - брокерлер-дилерлер) жыл сайын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) мыналар кіретін шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепті берсін:

1) 1-нысан бойынша жасалған, шоғырландырылмаған бухгалтерлік баланс (шоғырландырылған бухгалтерлік баланс) (осы қаулының 1-қосымшасы);

2) 2-нысан бойынша жасалған, кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылмаған есеп (кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылған есеп) (осы қаулының 2-қосымшасы);

3) 3-нысан бойынша жасалған, ақша қозғалысы туралы шоғырландырылмаған есеп (ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп) (осы қаулының 3-қосымшасы);

4) 4-нысан бойынша жасалған, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылмаған есеп (меншікті капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп) (осы қаулының 4-қосымшасы);

5) толтырылуы жөнінде осы қаулының 5-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес жасалған, шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазба.

Еншілес және қауымдасқан ұйымдары болмаған кезде брокерлер-дилерлер аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есепті ғана ұсынады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.