Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. «Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 24 тамыздағы № 244 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 1 қазандағы № 258 Бұйрығы
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып,БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 244 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4939 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2007 жыл, № 10, 284-құжат), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою ережесін:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әділет департаменттерімен (басқармаларымен) (бұдан әрі - тіркеуші орган) тіркеу істерінде сақталатын құжаттардың мынадай түрлерінің телнұсқасын берудің және күшін жоюдың тәртібін белгілейді:»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4.1 Құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасы құқық иесіне ғана немесе оның уәкілетті өкіліне (бұдан әрі - өтініш беруші) беріледі.»;