(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛ...2007.24.12 № 2083 ҚАУЛЫСЫ

Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 2083 қаулысы

(2008.19.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 20 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 7 бабының 5 тармағына, 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесі туралы» № 41 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» № 1156 қаулысына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі «Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздардың кәсіби дайындығын, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі ережені бекіту туралы» № 38 қаулысына (2001 жылғы 30 шілдедегі мемлекеттік тізілімдегі № 398 тіркелген, «Северный Казахстан» газетінің 2001 жылғы 7 тамыздағы саны) сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 1 қосымшаға сәйкес Қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі, түрлері, көлемдері және еңбекақы мөлшерлері бекітілсін.

2. Қала бюджетінде қоғамдық жұмыстарды жүргізуге қарастырылған қаражат шегінде «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген Тізбеге сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.