Техникалық регламентке
2-қосымша
Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін таңбалауға (зат белгілеуге) қойылатын
қосымша талаптар
Тоқыма материалдары
1. Осы Техникалық регламенттің 16-тармағында көзделген өнімді таңбалау бойынша міндетті талаптарға қосымша ретінде сатып алушыға тоқыма материалдардың, соңдай-ақ жалпы салмағынан тоқыма талшықтардың ең азы 80 % тұратын жиһаздық маталарды, аяқ киім, қолғап және спорт қолғаптарына арналған астарларды, осы бөлшектердің немесе астарлардың ең азы 80 % бұйымның жалпы салмағын құрайтыны жағдайда; олардың құрамы көрсетілген жағдайда олардың құрамдас бөлігі болып табылатын өзге бұйымдардың құрамына қосылған тоқыма материалдардың атауы, талшықтық құрамының таңбалануы және зат белгілеу қатысты қосымша ақпарат берілуі керек.
2. Талшықты құрамды таңбалау қатысты ережелер:
1) Қазақстан Республикасы аумағы бойынша кедендік бақылаумен
транзитпен тасымалданатын;
2) кейіннен қайта экспорттаумен ішкі қайта өңдеу үшін импортталатын;
3) оларға меншік құқығын бермей жеткізуші материалдарын қайта
өңдейтін, үйде немесе жеке фирма түрінде жұмыс істейтін тұлғалар сатып алған.
Осы қосымшаның 1-тармағының ережелеріне сәйкес келетін талшықтардың атауы мен сипаттауы осы қосымшаның 1 және 2-кестелерінде берілген.
Талшықты құрамды таңбалау және зат белгілеу міндетті болып табылмайтын өнім тізбесі осы қосымшаның 3-кестесінде берілген.
3. Осы қосымшаның 4-кестесінде көзделген атаулар жеке өздері немесе кез келген басқа да талшықтарды белгілеу үшін түбір немесе сын есім ретінде пайдаланыла алады.
4. «Жібек» сөзі тоқыма талшықтардың нұсқасын немесе ерекшелеу сипаттамасын көрсету үшін пайдаланыла алады, мысалы филаменттік жіптер.
5. Тек бір талшықтан тұратын тоқыма материалынан басқасы «100%», «таза» немесе «толық» деп сипаттала алмайды және өзге ұқсас термин пайдалана алмайды.
6. Тоқыма материалы, егер осы сан техникалық дәлелдермен негізделсе және өзге себептермен қосылмаса, салмағынан 2 % артық өзге талшықтан тұра алады.
7. Осы қосымшаның 6-тармағында көрсетілген 2 % көлемде ауытқу, егер тоқыма өнімі темір тарақпен тарау процесінен өтсе, 5 %-ға дейін өсуі мүмкін.
8. Жүн материал, егер бұрын дайын өнім құрамына қосылмаса, бұрын өнім өндіру үшін қажетті процестен басқа иіру және/немесе илеу процесіне түспеген және өңдеу және қайта өңдеу барысында тозбаған талшықтан ғана тұрса, таза жүн ретінде сипаттала алады.
9. Осы қосымшаның 8-тармағына қарағанда «таза жүн» атауы, егер:
1) қоспада таза жүн осы қосымшаның 8-тармағында айқындалған
талаптарға сәйкес келсе;
2) жүн қоспаның жалпы салмағының ең азы 25 % құраса;
3) тоқыма қалдықтарымен қоспада жүн өзге талшықтың бір түрімен араласқан жағдайда талшықтар қоспасында жүнді сипаттау үшін пайдалана алады. Бұл жағдайда қоспаның толық пайыздық қоспасы беріледі.
10. Осы қосымшаның 8 және 9-тармақтарында аталған өнімдер үшін техникалық аргументтермен негізделген жүннің жалпы салмағынан өзге талшықтар қоспасының, оның ішінде темір тарақпен тарау процесіне түскен жүн материалдары үшін 0,3 % ауытқуға рұқсат етіледі.
11. Ең және одан да көп талшық түрлерінен, оның ішінде жалпы салмақтан ең азы 85 % құрайтын тоқыма материалдарын таңбалау мына үлгіде:
1) осы талшықты және оның салмақта пайыздық болуын көрсету; немесе
2) осы талшықты «ең азы 85%» деген сөздермен көрсету арқылы; немесе
3) материалдың толық пайыздық құрамын көрсету арқылы жүзеге
асырылады.
12. Олардың ешқайсысы жалпы салмақтың 85 % құрамайтын екі және одан да көп талшықтан тұратын тоқыма материалы оның атауы және салмақта олардың пайызы көрсетіліп немесе көрсетілмей салмағы кішірею тәртібінде өзге талшықтарды көрсетіп талшықтардың екі негізгі түрін салмақта пайызы көрсетіліп таңбаланады.
13. Материалдың жалпы салмағында жеке кем дегенде 10 %-ды құрайтын талшықтар салмақта жалпы пайызы көрсетіліп «өзге талшықтар» түрінде атала алады.
14. Егер материалдың жалпы салмағынан кем дегенде 10 % құрайтын талшық атауы көрсетілетін жағдайда материалдың толық пайыздық құрамын көрсету керек.
15. Негізі мақтадан, ал арқаужібі зығырдың пайыздық болуы кенеп жайманың жалпы салмағынан ең азы 40 % құрайтын зығыр талшығынан тұратын материалдар «мақта-зығыр» қоспасымен атала алады, бұл жағдайда атау құрамды «негізі - таза мақта, арқаужібі - таза зығыр» деген айрықшалаумен ілеседі.
16. Тоқыма өнімнің жалпы салмағынан ең азы 2 % құрайтын бөтен талшықтардың саны, егер осы сан техникалық негізделмесе және қосылмайтын болса, ескерілмейді. Егер ауытқу материалдар осы қосымшаның 10-тармағында ескертілген ауытқуға тимей темір тарақпен тарау процесіне түсірілсе, 5 %-ға жетуі мүмкін.
17. Затбелгіде қосылған талшықтардың жалпы салмағымен салыстырып талдау нәтижесінде алынған пайыздардан талшықтың өтінілген пайызына 3 % ауытқу рұқсат етіледі. Бұл ауытқу пайызы белгіленбей салмақта кемуіне орау жазылған талшықтарға да, сондай-ақ осы қосымшаның 9-тармағының 3-тармақшасында қарастырылған материалдарға да қолданылады.
18. Талдау кезінде ауытқулар талшықтың әр түрі үшін жеке есептеледі. 17-тармақта қарастырылған ауытқуларды есептеу кезінде пайдаланылатын жалпы салмақ осы қосымшаның 16-тармағына сәйкес анықталған бөтен талшықтардың салмағы шығарылып тасталатын қорытынды өнімдегі талшық салмағы болады.
19. Осы қосымшаның 16 және 17-тармақтарында белгіленген ауытқуларды жинақтау, егер талдау кезінде табылған талшықтардың кез келгені осы затбелгіде белгіленген бір немесе бірнеше талшықтардың химиялық құрамынан болып табылса ғана рұқсат етіледі.
20. Осы қосымшаның 16 және 17-тармақтарында қарастырылғанға қарағанда үлкен ауытқулармен өнім өндірісі жағдайында негізделген болуы тиіс.
21. «Аралас талшықтар» немесе «көрсетілмеген тоқыма құрамы» термині құрамы аспаптық әдіспен айқындалатын өнім үшін ғана пайдаланыла алады.
22. Оқшаулана алатын және дайын өнім салмағында 7 % аспайтын әсемдік сипатқа ие талшықтар осы қосымшаның 5-7 және 11-21-тармақтарында қарастырылған талшықтық құрамда белгіленбейді. Осы ереже антистатикалық әсер ету үшін пайдаланылатын және дайын бұйымның салмағынан 2 % аспайтын талшықтар үшін қолданылады. Осы қосымшаның 2, 11-тармақтарында белгіленген өнімдер жағдайында пайыздар негіз салмағына және сәйкес арқаужіп салмағына қатысты жеке есептеледі.
23. Осы қосымшаның 3-21-тармақтарында және 1-кестеде қарастырылған тоқыма талшықтар атауы және талшықтық құрамды таңбалау коммерциялық құжаттарда нақты көрсетіледі. Бұл талап келісімшарттарда, шоттар мен тауарлық жүктемелерде қысқартуларды болдырмауға әкеледі. Егер осы құжаттарда түсіндірілсе, механикалық өңдеудің арнайы коды пайдаланыла алады.
24. Осы қосымшаның 3-21-тармақтары мен 1-кестеде қарастырылған тоқыма талшықтардың болуына қатысты атаулар, кескіндер мен айрықшалаулар тоқыма тауарлар сату үшін ұсынылатын немесе тұтынушыға сатылатын жағдайда, оның ішінде каталогтар мен коммерциялық әдебиетте, орауда, зат белгіде және таңбалауда нақты, түсінікті жазылуы керек.
25. Осы қосымшаның 21-тармағында қарастырылған ақпараттар, тоқыма тауарлары суреттермен немесе сипаттамалармен каталогтар немесе проспектілер арқылы тапсырыстар тарту мақсатында берілетін көрмелер жүргізу кезінде беріледі.
26. Осы қосымшаның 23-27-тармақтарында қарастырылғаннан басқа өзге белгілеулер мен ақпараттар нақты берілуі керек. Осы ереже осы регламентпен қарастырылған белгілеулерге дейін немесе кейін бірден көрсетілуі мүмкін сауда маркаларына немесе кәсіпорын атауына қатысты болмайды.
27. Тігін жіптерінің, ілмектерді көтеруге арналған немесе кестеге арналған жіптердің шарғы, жөргем, иіршік, шүйке немесе кез келген өзге шағын көлемі жағдайда айрықшалаулар жалпы орауда немесе осы қосымшаның 15-тармағында 3-кестеде көрсетілген өнімдерге қатысты болмай, қойылған орнында жазылуы мүмкін.
28. Түрлі талшықтық құрамға ие екі немесе одан да көп құрамдас бөліктерден тұратын кез келген тоқыма өнімі әр құраушының талшықты құрамының таңбалауына ие болады. Бұндай зат белгілеу бұйымның жалпы салмағынан кем дегенде 30 % құрайтын құраушылар үшін міндетті болмайды. Негізгі астарлар үшін талшықтық құрамды таңбалау міндетті болып табылады.
29. Екі немесе одан да көп тоқыма өнімдер бірдей талшықтық құрамға ие болатын немесе бір тұтасты түзетін жағдайда олар тек бір затбелгіге ие бола алады.
30. Төменде көрсетілген тоқыма тауарлардың талшықты құрамын таңбалау мына үлгіде жүзеге асырылады:
1) корсеттік бұйымдардың талшықтық құрамы тұтас немесе төменде көрсетілген оны құраушылармен бірге немесе жеке құрамда беру жолымен көрсетілуі керек:
төсқаптар үшін: тостақтардың, сондай-ақ төсқаптың артқы бөлігінің сыртқы және ішкі материалдары;
корсеттер үшін: бекітілген алдыңғы, артқы және бүйір бөліктері;
грациялар үшін: тостақтардың сыртқы және ішкі маталары, бекітілген алдыңғы, артқы және бүйір бөліктері.
Жоғарыда аталғандардан басқа өзге корсеттік бұйымдардың талшықты құрамы тұтасымен өнім құрамын көрсету жолымен немесе тұтас немесе жеке берілген бұйымның түрлі құраушылары көрсетіледі. Бұндай зат белгілеу өнімнің жалпы салмағынан кем дегенде 10 % құрайтын құраушылар үшін міндетті болып табылмайды.
Көрсетілген корсеттік бұйымдардың түрлі бөліктерін бөлек затбелгілеу қорытынды тұтынушы затбелгіде көрсетілген нұсқаулардың бұйымның қай бөлігіне қатысты екендігін жеңіл түсінетіндей болуы керек;
2) жидіту әдісімен айшықталған тоқыма бұйымдардың талшықты құрамы барлық өнім үшін беріледі және негізгі мата мен жидітілген (ағартылған) бетінің құрамын жеке көрсету жолымен көрсетіледі. Осы құраушылар оларды атау жолымен белгіленеді;
3) кестеленген тоқыма тауарлардың талшықты құрамы барлық өнім үшін беріледі және негізгі мата мен кестелеу жібінің құрамын жеке жариялау жолымен көрсетіле алады. Егер кестеленген бөліктер бұйым алаңынан кем дегенде 10 % алаңды құраса, тек негізгі матаның талшықты құрамын жариялауға рұқсат етіледі;
4) тұтынушыға ұсынылатын, өзге талшықтармен оралған өзектен тұратын жіптердің талшықты құрамы барлық өнім үшін берілуі керек және атауы көрсетіліп өзек пен өрім құрамын жеке жариялау жолымен белгілене алады;
5) барқыт, пүліш немесе өзге ұқсас материалдардың талшықты құрамы барлық өнім үшін белгіленеді, егер өнім нақты негіз бен түрлі талшықтан қолданылатын алаңға ие болса (беттік), онда олардың атауы көрсетіліп осы бөліктерді жеке жариялау жолымен көрсетіле алады.
31. Осы қосымшаның 4-кестеде көрсетілген тоқыма өнімдер сатуға талшықты құрам айрықшалауымен жалпы зат белгінің болуымен сатуға ұсынылады.
32. Метрге сатылатын тоқыма өнімдер жиегі бойынша немесе сатуға ұсынылатын орауда таңбаланады.
33. Осы қосымшаның 36-тармағында қарастырылған ережелерді және тоқыма материалдардың талшықты құрамын таңбалауға қатысты өзге ережелерді қолдану үшін осы қосымшаның 5-21-тармақтарында көрсетілген пайыздық мазмұн мыналарды есепке алмай анықталады:
1) барлық тоқыма материалдар мен бұйымдар үшін: өнімнің құрамдас бөлігі болып табылмайтын тоқыма емес құрам бірліктер, жиектер, затбелгілер мен белгілер, шашақ және әрлеулер, матамен қапталған түймелер мен қапсырмалар, керек-жарақтар, оюлар, созылмайтын таспалар, баулар және өнімнің ерекше және шектеулі орындарында және осы қосымшаның 22-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес қолданатын созылмалы жіптер, көрінетін, оқшауланатын таза әсемдеу үшін қолданылатын талшықтар, сондай-ақ статикаға қарсы талшықтар;
2) жиһаздық маталар үшін: қосатын және толтыратын, бет бөлігі болып табылмайтын негіз бен арқаужіп;
3) торлы және тұтас перделер үшін: қосатын және толтыратын, матаның бет бөлігі болып табылмайтын негіз бен арқаужіп.
34. Өзге Тоқыма материалдар үшін мыналар ескерілмейді:
1) бекітуге арналған, қатыруға арналған негіз-маталар немесе астарлық маталар және егер олар арқаужіп және/немесе мата негізін алмастырса, селдірматаға арналған негіз, кестелік немесе байланыстырғыш жіптер, осы қосымшаның 28-тармағына сәйкес оқшаулау немесе астар рөлін атқармайтын толтырғыштар, оның ішінде;
2) негіз материалы немесе пайдаланылатын бет үшін, негізінен көрпе мен қосарлы маталар үшін пайдаланатын бетке астар жағы болатын тоқыма материалдың төменгі бөлігі және барқыт, пүліш және өзге ұқсас маталарға арналған астар алып тастала алатын астап деп есептелмеуі керек;
3) бекітпелер мен нығайтқыштар тоқыма материалдарын нығайту немесе қалыңдату үшін олардың айрықша және шектелген орындарына қосылған жіптерді немесе материалдарды білдіреді.
35. Майлы заттар, тұтқыр, желімдейтін және әрлейтін материалдар, айшықтауға арналған материалдар, бояуға арналған көмекші материалдар мен тоқыма өңдеуге арналған өзге заттар ескерілмейді.
Тұтынушыларға арналған ақпарат үшін затбелгіде көрсетілетін сәйкестендіру элементтері мен сипаттамалары
36. Нарықта сатылатын тоқыма материалдар затбелгіленеді немесе таңбаланады. Затбелгілеу немесе таңбалау, егер тауар қорытынды тұтынушыға сату үшін арналмаса, коммерциялық құжаттармен алмастырыла немесе ілестіріле алады.
37. Рынокта орналастырылған тоқыма материалдары осы регламентке қоса берілген осы қосымшаның 5-кестесіне сәйкес тоқыма материалдардың негізгі техникалық және сапалық сипаттамалары мен тоқыма тауарларға күтім жасау тәсілдері қосымша көрсетіліп ұлттық заңнамамен қолданылатын «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес затбелгіленеді.
38. Тоқыма тауарларды күту тәсілін көрсеткен кезде МЕМСТ ISO 3758 қарастырылған белгілер пайдаланылады.
Киімдер, тоқыма бұйымдар, тоқыма материалдардан жасалған тігін бұйымдары үшін қосымша ақпарат мыналардан тұруы керек:
1) бұйым беті мен астары материалында табиғи және химиялық шикізаттың түрі мен салмақтық үлесі (пайыздық мазмұны);
2) Қазақстан Республикасында қабылданған типтік өлшемді шәкілге сәйкес бұйым өлшемі;
3) бұйымға күтім жасау бойынша белгілер;
4) егер, оның болуы өнімнің нақты түріне арналған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттармен көзделген жағдайда бұйымды жарату және пайдалану барысында оған күтім жасау бойынша нұсқаулық.
Маталар, тоқыма және тігін жаймалары, жеке бұйымдар үшін қосымша ақпарат мыналардан тұруы керек:
1) табиғи және химиялық құрамның түрі мен салмақтық үлесі (пайыздық болуы);
2) атаулы ені, желілік өлшемдер (ұзындығы, ені);
3) бояу тұрақтылығының деңгейі;
4) әрлеу түрі;
5) күтім бойынша белгілер.
Таңбалауда көрсетілген түр мен шикізат болуының нақты мәндерінің ауытқуы (%) 5 % аспауы керек.
39. Кәсіпорын-өндірушілер, егер бұл жұмыс үшін қажет болса, тоқыма материалдарды күту бөлігінде тұтынушылар үшін қосымша нақтылаулар жасай алады.
40. Тоқыма материалдардан жасалған тігін бұйымдары үшін күтім жасау тәсілі жеке, нақты берік материалдан, ылғал-жылу өңдеуге тұрақты материалдардан дайындалған және бұйымның негізгі матасы сақталатын уақыт бойына сақталуы керек затбелгіде көрсетіледі.
1-кесте. Тоқыма талшықтардың атауы мен сипаттамасы
* «Жүн» атауы (осы кестеде № 1 өлшем) қой немесе қошқар жүні қоспасын белгілеу үшін және екінші бағанада № 2 өлшемде көрсетілген қылшықты белгілеу үшін пайдаланыла алады.
2-кесте. Талшықтардың атаулары және материалдар мен бұйымдардағы олардың пайыздық қатынасы
* 17 % шартты белгілеуі егер тоқыма өнімі таралған немесе темір тарақпен таралған жануарлар жүнін және/немесе талшығынан тұрса, оны анықтау мүмкін болмаса, қолданылады.
3-кесте. Талшықты құрамды затбелгілеу және таңбалау міндетті болып табылмайтын тауарлар