* Қажеттігіне орай тауарлардың барлық топтарына арнайы әрлеп өңдеудің атауы көрсетіледі: қыртысталмайтын, кір жұқпайтын, су жұқтырмайтын, аллергияға қарсы, су өткізбейтін, өлшемдерді тұрақтандыру, мерсеризация және т.б.
Аяқ киім және аяқ киім материалдары
41. Аяқ киім мен аяқ киім материалдары үшін осы Техникалық регламенттің 16-тармағында көрсетілген таңбалауға қосымша мынадай материалы туралы ақпарат болуы керек:
1) былғарының, аяқ киім бетінің үстіңгі беті;
2) астарлар мен ұлтарақтар;
3) сыртқы табаны.
42. Аяқ киім мен аяқ киім материалдары үшін негізгі құрамаларын өндіру кезінде пайдаланылатын материалдар құрамы пиктограммалармен немесе осы қосымшаның 6 және 7-кестелеріне сәйкес өзге тілдерде мәтіндік белгілеулерді қоса алғанда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазбаша мәтінмен белгіленеді.
43. Аяқ киімнің негізгі бөліктерін өндіру кезінде пайдаланылатын материалдарды затбелгілеу қажет жағдайда заттаңбада берілген мәтін түріндегі басқа қосымша ақпаратпен толықтырыла алады.
44. Беті (жоғарғы беті) туралы ақпаратты енгізген жағдайда мынадай пайдаланылатын материалдарды: жіктеу жиектеме, өрнек, айылбас, тартпа мен өзге де ұқсас аксессуарлар мен батырмаларды және тобықты қорғауға арналған бекітпелерді есепке алмай жүзеге асырылады.
45. Сыртқы табан туралы ақпаратты енгізген жағдайда пайдаланылатын материалдарды жіктеу онда бар материалдар көлемінің негізінде белгіленеді.
46. Осы Техникалық регламенттің ережелері қолданылатын және оның талаптарына сәйкес келетін аяқ киім мен аяқ киімге арналған құрамаларды сату тиым салына немесе шектеу қойыла алмайды.
47. Аяқ киімді және аяқ киім материалдарын затбелгілеу мыналарға қатысты ақпаратпен сүйемелденуі керек:
1) егер оның көлемі көрсетілген аяқ киім материалдарының кемінде 80%-ын құраса, беті (аяқ киім беті), астары және ұлтарағы, сыртқы табаны жасалған материал;
2) егер материалдардың бірде біреуі көрсетілген аяқ киім материалдарының 80 % бұйымын құрамаса, аяқ киім жасалған екі негізгі материал көрсетіледі.
48. Затбелгілеу затбелгіні басу, желімдеу, мөртаңбалау немесе бекіту жолымен аяқ киім жұбының бір құрамасында жүзеге асырылуы керек.
49. Пиктограммаларды қоса, затбелгідегі тұтынушыға арналған ақпарат тұтынушыны алданбайтындай және адастырмайтындай анық түсінікті, толық, шынайы және жеңіл оқылатындай болуы тиіс.
50. Өндіруші немесе оның Қазақстан Республикасында тұратын заңды тұлға, ресми өкілі аяқ киім мен аяқ киім материалдарына арналған затбелгіні жеткізуге және берілген ақпараттың түзулігіне/дұрыс берілуіне жауапты болады.
51. Егер өндіруші немесе оның өкілі Қазақстан Республикасы аумағында орналаспаса, жоғарыда аталған жауаптылық импорттаушыға жүктеледі.
52. Бөлшек сауда желісіндегі сатушы осы Техникалық регламентке сәйкес затбелгіленген аяқ киім мен аяқ киім құрамалар өткізілуіне жауапты болады.
6-кесте. Аяқ киімнің құрамдас бөліктеріне сәйкес келетін атау, анықтама және пиктограммалар
7-кесте. Аяқ киім мен оның құрамаларын өндіру кезінде пайдаланатын материалдарға сәйкес келетін айқындамалар мен пиктограммалар
Техникалық регламентке
3-қосымша
Аяқ киім мен былғары-галантерея бұйымдарына қойылатын
қауіпсіздік талаптары
1-кесте. Аяқ киімнің механикалық және биологиялық қауіпсіздігі
Талаптары
2-кесте. Былғары-галантерия бұйымдарының механикалық және химиялық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
3-кесте. Аяқ киім және былғары галантериялық бұйымдарды өндіру кезінде қолданылатын материалдардан зиянды зат бөлінудің шектік нормативтері
ҚР Үкіметінің 2011.24.03. № 271 Қаулысымен 4-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Техникалық регламентке
4-қосымша
Тоқыма және трикотаж материалдарынан жасалған ішкі
киімдерді қоса алғанда, киімдер мен бұйымдардың
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1-кесте. Тоқыма және трикотаж материалдар мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
2-кесте. Тоқыма және трикотаж материалдардан және олардан жасалған киімдер мен бұйымдардан зиянды химиялық заттар бөлінуінің шекті рұқсат етілетін нормалары
3-кесте. Тоқыма және трикотаж материалдармен олардан жасалған бірінші және екінші қабатты бұйымдардағы өндіру процесінде аппреттерді қолдану салдарынан зиянды ұшатын химиялық заттардың болуының шекті рұқсат етілетін нормалары
4-кесте. Тоқыма және трикотаж материалдардың және олардан жасалған бұйымдардың бояуға беріктік көрсеткіштері
5-кесте. Химиялық талшықтар мен жіптердің санитарлық-химиялық көрсеткіштері
Техникалық регламентке
5-қосымша
Киімдер мен бұйымдарды, оның ішінде былғары мен теріден жасалған киімдерді өндіруге қолданылатын материалдардан
зиянды заттар бөлінуінің шекті рұқсат етілетін нормасы