Осы редакция 2007 жылғы 19 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 20.01.03 ж. № 55 (бұр. ред. қара); 17.03.04 ж. № 322 (бұр. ред. қара) қаулыларымен ереже жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу
ережесi, жұмыс берушілерге рұқсат берудiң шарттары мен тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер2-тарау. Квота белгiлеу тәртібі3-тарау. Квота бөлу4-тарау. Рұқсат беру шарттары5-тарау. Рұқсат берудiң тәртібі6-тарау. Тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмдерiн растаудың тәртібі
7-тарау. Рұқсаттың мерзiмін ұзарту8-тарау. Рұқсатты тоқтата тұру және қайтарып алу9-тарау. Есеп беру10-тарау. Осы Ереженiң және рұқсат шарттарыныңорындалуын бақылау
11-тарау. Жауапкершілiк1. Осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеудiң және бөлудiң тәртібін, жұмыс берушілерге рұқсат берудiң шарттары мен тәртібін белгілейдi.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар:
ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) шетелдiк жұмыс күшi (шетелдік қызметкерлер) - республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшiн жұмыс берушi жалдайтын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар;
2) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота (бұдан әрi - квота) - Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтiн, республиканың экономикалық белсендi халқының санына пайызға шаққандағы шетелдiк жұмыс күшінiң үлесi;
3) жұмыс берушi - қызметкер еңбек қатынасында тұратын заңды немесе жеке тұлға;