Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық
комиссия туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 12 қарашадағы № 1691 қаулысы
(2007.08.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 22 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Алдағы кезеңге арналған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарына сәйкес табиғи монополиялар субъектілеріне қатысты тарифтік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету және тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мына құрамда Тариф саясаты жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 18.09.00 ж. № 1404; 28.03.01 ж. № 400; 19.12.01 ж. № 1654; 01.02.02 ж. № 151; 30.09.02 ж. № 1073; 14.01.03 ж. № 10; 14.05.03 ж. № 449;22.01.04 ж. № 69; 03.06.04 ж. № 617; 2005.02.02. № 87 (бұр. ред. қара); 2005.28.06. № 644 (бұр. ред. қара); 2006.05.04. № 247 (бұр.ред.қара); 2007.08.10. № 915 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгерді