2008 жылдың жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқан жапырақты ағаш тұқымдарының жас талдарын қорғауды күшейту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2008 жылғы 20 қарашадағы № 383 бұйрығы

2008 жылдың жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқан жапырақты ағаш тұқымдарының жас талдарын қорғауды күшейту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2008 жылғы 20 қарашадағы № 383 бұйрығы

 

2008 жылдың жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқан жапырақты ағаш тұқымдарының жас талдарын қорғауды күшейту жөнінде жедел шаралар қолдану үшін БҰЙЫРАМЫН:

1. Мемлекеттік орман иеленушілер үшін:

1) «Мемлекеттік орман иеленушілер үшін мемлекеттік орман қорында 2008 жылға арналған аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу көлемі туралы» Комитеттің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 362 бұйрығымен бекітілген жаңа жылдық шыршалар дайындау және бұтақтардан құрама жасанды шыршаларды дайындау 2008 жылға арналған сүрек дайындау көлемінде орман күтіп-баптау және басқа да ағаш кесулер есебінен жүргізілсін;

2) мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу үшін жаңа жылдық шыршаларды босату Комитеттің рұқсатымен облыстар әкімдіктерінің тапсырыстары негізінде жүргізілсін;

3) тұрғындар үшін тек қана құрама шыршалар мен контейнерлердегі тірі шыршалар сатылатын болып белгіленсін.

2. Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекцияларының, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи орман резерваттарының, Сандықтау ОӨОШ, «Жасыл аймақ» РМК, Алматы және Көкшетау селекциялық орман орталықтарының басшылары:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.