(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАР. 2003.21.04 № 137 ҚАУЛЫСЫ

Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыру
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысы

(2007.30.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. № 298 қаулысымен тақырыбы және кіріспе өзгерді (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.15.04. № 97 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында, сондай-ақ "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы", "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. № 298 қаулысымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)

1. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыру ережесi бекітілсiн.

2. Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыру ережесi күшiне енген күннен бастап үш ай iшiнде өз қызметтерiн оның талаптарына сәйкес келтiрсiн.

3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны бағалы қағаздар портфелiн басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.