Тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар, нарық субъектілері мен олардың бірлестіктері реттеуші органға оның тиісті тауар нарықтарына талдау жүргізуі үшін ұсынатын деректердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 6 қыркүйекте № 237-нқ Бұйрығы
Осы редакция 2008 жылғы 3 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-5) тармақшасына және «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
осы бұйрықтың 1-қосымшасына сай нарық субъектілері мен олардың бірлестіктері;
осы бұйрықтың 2-қосымшасына сай мемлекеттік органдар реттеуші органға оның тиісті тауар нарықтарына талдау жүргізуі үшін ұсынатын деректердің нысандары бекітілсін.
2. Нарық субъектілері мен олардың бірлестіктері осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жартыжылдық қорытындылар бойынша деректерді жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне ұсынсын.
3. Индустрия және сауда, көлік және коммуникация, ауыл шаруашылығы, энергетика және минералдық ресурстар министрліктері осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жартыжылдық қорытындылар бойынша деректерді жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.