«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының
жарияланған акцияларының санын ұлғайту туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 216 Бұйрығы
«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының Жарғысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) жарияланған акцияларының саны 2 000 000 (екі миллион) жай акцияларға ұлғайтылсын.