2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 605-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 605-бап жаңа редакцияда (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 605-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
605-бап. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша құқыққа сыйымсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша құқыққа сыйымсыз салынған айыппұлдың күшін жою немесе мөлшерін азайту салдарынан оның төленген сомасын қайтару уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша салықтық өтініш (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - айыппұл сомасын қайтаруға өтініш) негізінде жүргізіледі.
Айыппұл сомасын қайтаруға өтінішке айыппұлдың заңсыз салынғаны салдарынан оның күшін жоюды немесе көлемін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот актісі немесе салық қызметінің жоғары тұрған органының (лауазымды адамның) шешімі қоса берілуге тиіс.
2. Айыппұл сомасын қайтаруға өтінішті салық төлеуші қайтаруға жататын айыппұл сомасы есептеулі тұратын жеке шоты бойынша салық органына ұсынады.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес айыппұлдың төленген сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотына айыппұл сомасын қайтаруға өтініш ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
4. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау мақсатында айыппұлды төлеу кезінде артық төленген соманы қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 605-1-баппен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
605-1-бап. Соттың шешімімен электрондық аукциондар қорытындысының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару
1. Уәкілетті заңды тұлға өткізген электрондық аукцион қорытындысының соттың заңды күшіне енген шешімімен күші жойылған жағдайда, салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару уәкілетті заңды тұлғаның уәкілетті орган бекіткен нысандағы салықтық өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсатында - қайтаруға өтініш) негізінде жүргізіледі.
Қайтаруға арналған өтінішке:
1) заңды күшіне енген сот актісінің көшірмесі;
2) уәкілетті заңды тұлғаның салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленгені туралы төлем құжатының көшірмесі қоса беріледі.
2. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдың, айыппұлдың төленген сомасын қайтаруды төленген жердегі салық органы қайтаруға өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті заңды тұлғаның банктік шотына ұлттық валютада жүргізеді.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 606-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
606-бап. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасын қайтару және есепке жатқызу
Осы Кодекстің 599, 601 - 602-баптарында көзделмеген негіздер бойынша бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомаларын қайтару және есепке жатқызу осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша жүргізіледі.
ҚР 2015.18.11. № 412-V Заңымен 2-параграфпен және 606-1, 606-2, 606-3, 606-4 және 606-5-баптармен толықтырылады (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
84-тарау. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ЕСЕПТЕУ, ҰСТАП ҚАЛУ ЖӘНЕ АУДАРУ, ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАРДЫ ЕСЕПТЕУ МЕН ТӨЛЕУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАБАРЛАМА
607-бап. Жалпы ережелер
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салық органының салық міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу, төлеу бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігі туралы салық төлеушіге (салық агентіне) қағаз жеткізгішпен немесе оның жазбаша келісімі бойынша электрондық тәсілмен жіберген хабары хабарлама деп танылады. Хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
2. Хабарлама түрлері төменде аталған түрлермен шектеледі және олар салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай мерзімдерде:
1) осы Кодекстің 32-бабының 2-тармағына сәйкес салық органы есептеген салық сомалары туралы - есептеу күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) тексеру нәтижелері туралы - осы Кодекстің 638-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық төлеушіге салық тексеруі актісін табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) таратудың салық есептілігін табыс еткен күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есепке жазылған сомалары туралы - таратудың салықтық тексеру актісін салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрмей;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігінің табыс етілмеуі туралы - хабарламасын жіберу мерзімі осы Кодексте белгіленген оны табыс ету мерзімінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілетін, корпоративтiк табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда, бұзушылық анықталған күннен бастап жіберіледі.
Уәкілетті орган растаған, бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателіктер туындауы себебінен осы тармақшада көрсетілген хабарламаны жіберу мерзімі бұзылған жағдайда, осы хабарлама мерзімінде жіберілген деп есептеледі. Бұл ретте осындай хабарлама бойынша салық міндеттемесі және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелер салық төлеушінің осы Кодекстің 608-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде орындауына жатады..
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 579-бабына сәйкес әрекетсіз деп танылған салық төлеушіге қатысты қолданылмайды;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) салық берешегін өтеу туралы - осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көзделген мерзімде орындалмаған салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданыла бастағанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша салық берешегі туралы - салық органы осы Кодекстің 622-бабына сәйкес салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегінің сомаларын өндіріп алу туралы сот бұйрығын немесе талап қоюды шығару туралы өтінішпен сотқа жүгінген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей;
6) дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы - өндіріп алуға дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы - осы Кодекстің 37-1-бабының 7-тармағында және 43-бабының 8-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық есептілігінде бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындысы жөніндегі - шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы - оларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
10) салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқтығын) растау туралы - салық органының лауазымды адамдары салықтық зерттеп-тексеру актісін жасаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
1) сәйкестендіру нөмірі;
2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе толық атауы;
3) салық органының атауы;
4) хабарлама күні;
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) салық міндеттемесінің және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелердің сомасы - осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша салық берешегін өтеу үшін қажетті банктік деректемелер;
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) салық міндеттемесін және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау туралы талап;
7) хабарлама жіберу үшін негіз;
8) шағым жасау тәртібі көрсетілуге тиіс.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
4. Осы Кодекстiң 608-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген жағдайда, салық органдары осы баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген хабарламалардың көшiрмелерiн салық төлеушiге (салық агентiне) жiбередi.
Осы баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген хабарламалардың түпнұсқасын алу үшiн салық төлеушi (салық агентi) салық органдарына жүгiнуге құқылы»;
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 608-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
608-бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, хабарлама салық төлеушiге (салық агентiне) өзiнiң қолын қойғызып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс.
Бұл ретте, төменде тiзбеленген тәсiлдердiң біреуiмен жiберiлген хабарлама мынадай жағдайларда:
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жiберiлгенде - салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күннен бастап;
Бұл ретте пошталық немесе өзге де байланыс ұйымы мұндай хабарламаны пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жеткізуге тиіс;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:
салық органы веб-қосымшаға хабарламаны жеткізген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі. Бұл тәсіл осы Кодекстің 572-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады;
«электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне хабарламаны жеткізген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі.
Бұл тәсіл «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - келу тәртібімен оны алған күннен бастап тапсырылды деп есептеледі. Бұл ретте осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, есепті салық кезеңінде есептелген салықтардың сомасы туралы хабарламаны жеке тұлға есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 шілдесінен басталатын кезеңде алуға тиіс.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген хабарламалар жіберу тәсілі осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларға қатысты қолданылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Егер осы баптың 1-2, 1-3-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеп тексеру жүргізу күні осындай хабарламаларды табыс ету күні болып табылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-2. Осы Кодекстің 637-бабының 2-тармағына сәйкес салықтық зерттеу актісінің негізінде салықтық тексеру аяқталған және салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда мына күндердің бірі:
салық төлеушіде (салық агентінде) банк шоты болмаған кезде - осындай хатты почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған күн;
салық төлеушіде (салық агентінде) банк шоты болған кезде -егер хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) осы мерзім ішінде қол қою арқылы тапсырылмаса, осындай хатты почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң басталатын күн мұндай хабарламаларды тапсыру күні болып табылады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-3. Салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 4) - 9) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, салық органы осындай хабарламаны қайтарған күннен кейінгі күннен кешіктірмей салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, атауын немесе тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса), хабарламаның қайтарылу күнін көрсете отырып, ол туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырады.
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органы осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2), 3), 4), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларды жіберген жағдайда, салық міндеттемесі және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару бойынша міндеттемелер салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Салық төлеуші осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген таратудың салықтық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламалармен толық келіскен жағдайда, салық төлеуші хабарламаларда көрсетілген, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемелерін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару бойынша міндеттемелерді орындау туралы растайтын құжаттармен қоса осындай келісу туралы өтінішті табыс етеді.
Бұл ретте, салық төлеушi тарату салықтық тексерудiң нәтижелерi туралы хабарламалармен келiскенi туралы өтiнiштi салық органына хабарлама тапсырылған күннен кейiнгi күннен бастап жиырма бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей табыс етедi.
4. Осы баптың 1, 2-тармақтарында белгiленген хабарламаларды тапсыру және орындау тәртібі осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетiлген хабарламалардың көшiрмелерiне де қолданылады.
5. Салық органдары осы Кодекстiң 607-бабының 4-тармағында көрсетiлген жағдайда салық төлеушi өтiнiш жасаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мұндай салық төлеушiге осы Кодекстiң 607-бабының 2-тармағы 4), 5) тармақшаларында көрсетiлген хабарламалардың түпнұсқасын бередi.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны салық органы электрондық тәсілмен не хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберуге және салық төлеушi (салық агентi) хабарлама жiберiлген күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.
85-тарау. МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛМАҒАН САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ ОРЫНДАЛУЫН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТӘСІЛДЕРІ
609-бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау мынадай:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер сомасына өсімпұлды есепке жазу;
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) салық төлеушінің (салық агентінің) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банктік шоттары бойынша (корреспонденттiк шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) салық төлеушінің (салық агентінің) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) мынадай:
салық төлеушінің (салық агентінің) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың және кәсіби медиатордың мүлікке;
салық төлеушінің мүлікке, оның ішінде ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындамаған кезде импортталатын тауарға билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Бұл ретте осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу жөніндегі орындалмаған салық міндеттемесіне қатысты қолданылмайды.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Егер салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес операторға жүктелсе, онда мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етудің:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тәсілдері операторға қатысты қолданылады;
осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдері бір мезгілде операторға және жай серіктестіктің (консорциумның) әрбір қатысушысына қатысты қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері осы Кодекстің 611-613-баптарында белгіленген мерзімдерде қолданылады. Осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануды бастағанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес хабарлама жіберіледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тәсiлдi қоспағанда, мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi:
1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған, 6 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аз мөлшерде салық берешегi бар;
2) өтініштері осы Кодекстің 51-1-бабында белгіленген тәртіппен қаралатын салық төлеушiлерге (салық агенттерiне) қатысты қолданылмайды.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері мынадай:
1) банкрот деп танылған жағдайда - салық төлеушіні банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;